Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Жатақхана

2015 жылы ҚР Азаматтық Кодексінің 9б. сәйкес,  Қарағанды облысы әкімдігінің 27 тамыз 2013 жылғы № 54/07 «Мемлекеттік мекемелердің  Ережелері мен құрылымдарын бекіту туралы», «Қарағанды облысының  мемлекеттік активтері мен сатып алуларды басқару» қаулысымен, ММ «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының»  хаты негізінде,  2014 жылдың 9 қыркүйегінен № 8-1-4-5178 Қарағанды қаласында, Құрылысшылар даңғылында,  22 үйде орналасқан ҚМК «Қарағанды қ.№5 емханасының»   ғимараты, жалпы алаңы -634кв.м., КМК «Қарағанды қаласының медицина колледжіне» берілді.



Жатақханада  студенттердің жайлы тұруына  барлық жағдайлар жасалған. Тұрмысқа жайлы,  заманауи жиһаздар  мен құрал-жабдықтары (ортопедиялық матрастарымен кереуеттер,  үстелдер, орындықтар, киім шкафтары мен төсек жабдықтары) қойылған,   екі-үш орындық бөлмелері бар.   



Тұрмыстық бөлмелері  кір үтектейтін тақталармен,  кір жуатын машиналармен,  кептіргіштермен жабдықталған.



Жатақханада  жабдықталған гигиена бөлмесі,  санитарлық жүйе,  себезгі кабинасы бар. Жатақхана ғимаратында  қажетті заманауи тұрмыс техникасымен (тоңазытқыш, тоқ пеш, аз толқынды пеш, шәйнек, ыдыс-аяқ) және құрал-саймандармен жабдықталған кең ас бөлмесі бар. 



Оқу бөлмесіне қажетті жиһазбен, сондай-ақ ноутбуктармен, интернетпен, принтермен, сканермен, электронды кітапханамен жабдықталған.

Жатақханада тәрбиелік, мәдени-көпшілік, санитарлық-гигиеналық, спорттық-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру және студенттердің тұрғылықты-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін.



Студенттік Кеңес жұмыс жасайды.