Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Мамандықтар тізбелері

Қарағанды қаласының медицина колледжі 
Мамандарды дайындау ісі  келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

 

“ЕМДЕУ ІСІ” мамандығы

БіліктілігіФельдшер
Оқумерзімі: 2 жыл 10ай


Мамандарды фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік бөлімдерде, қалалық ЕАО-дадәрігерге дейінгі көмек, емдеу-алдын алу көмегін, кездейсоқ оқиғалардағы бірінші жедел көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін дайындайды.

Біліктілігі «Акушер»
Оқумерзімі: 2 жыл 10 ай



Өз бетінше жұмыс істейді, амбулаторлық қабылдау ісін жүргізеді, жүктілер мен босанған әйелдерге үй жағдайында медициналық қызмет көрсетеді, әйелдердің алдын ала тексерісін және санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізеді.

 

"МЕДБИКЕ ІСІ” мамандығы

Біліктілігі “Жалпы тәжірибе медбикесі”
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Медбике ЕАО-да емдеу-диагностикалық емшараларын орындау, сырқаттарға бақылау, күтім жасау, алдын-ала шараларды өткізу жұмыстары үшін дайындалады.

 

“ФАРМАЦИЯ” мамандығы

Біліктілігі “Фармацевт”
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай



Фармацевт емханада, бірінші топты емханалық бөлімдерде, емханалық қоймаларда (баз), медициналық техника дүкендерінде (қоймада, базда), бақылаушылық-аналитикалық зертханаларда халықты және медициналық мекемелерді емдік құралдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін дайындалады.

Фармацевт дәрігердің берген қағазын бақылай және реттей алады, емдік құралдарды дұрыс қабылдау ұсынысын жасай алады.

 

“ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА” мамандығы

Біліктілігі «Медициналық зертханашы»
Оқумерзімі: 2 жыл 10 ай



Маман клиникалық, биохимиялық, сан.эпидемиологиялық зертханаларда жұмыс істеу үшін дайындалады.

Зертханашының атқарымды міндеттері:
- түрлі зерттеулер үшін материал алу әдістерін меңгеру;
- өздігінше микроскопиялық, биохимиялық зерттеулерд іжүргізуге;
- қан талдамасын жасауға.

 

“ГИГИЕНА - ЭПИДЕМИОЛОГИЯ” мамандығы

Біліктілігі «Гигиенист-эпидемиолог»
Оқумерзімі: 2 жыл 10 ай



Маман тағамдық, өндірістік кәсіпорындардың және зертханалық-аспаптық әдістерді қолдану арқылы  басқа да объектілердің санитарлық-гигиеналық зерттеулерін жүргізеді; зерттеулердің нәтижелері бойынша қорытындылар немесе актілер құрастырады.