Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Материалдық-техникалық база

Қарағанды қаласының Медициналық колледжі  типтік оқу ғимаратында орналасқан. Қазіргі уақытта  жеке тұрғын 2 оқу мекенжайында  кабинеттер, дәріс аудиториялары,   теориялық және тәжірибелік  сабақтардың зертханалары және бірінде  шаруашылық-тұрмыстық  үй-жайлары  орналасқан. Ғимараттың жалпы алаңы - 3971 кв.м.



Колледж құрылымында   кадрларды дайындайтын 3 бөлім мен   орта медициналық  және  фармакологиялық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау  1 бөлімі, білім беру қызмет сапасының мониторинг орталығы, дуалды білім беру орталығы, лингафон кабинеті, әдістемелік кабинет,  оқу бөлімі, кітапхана және   жатақхана  бар.

Колледждің оқу-материалдық базасы  теориялық сабақтар өткізуге арналған 18 аудиториядан,  клиникаға дейінгі тәжірибе кабинетінен, 34 оқу зертхадан,  дуалды оқыту мен  білім беру  мониторинг сапасының  орталықтарынан, әдістемелік кабинеттен, оқу бөлімінен,  медицина кабинетінен, коммуникация және электрондық оқырман залымен біріккен  кітапханадан тұрады.   Денешынықтыру сабақтары қысқы уақытта  жаттықтыру залы мен  шаңғы базасына   ыңғайланған  ғимаратта өткізіледі.  Жылдың күзгі-көктемгі   мезгілдерінде   колледждің спорт алаңында өткізіледі. Жыл сайын  қажетті спорт құралдарымен толықтырылып тұрады.

Қалалық, облыстық емдеу – алдын алу ұйымдарында  арнайы оқу пәндерінен  тәжірибелік сабақтар өткізуге  арналған 16 кабинет бар. 2013 жылы Қарағанды қаласының  Медициналық колледжінде  білім алушылардың  тәжірибелік машықтарын жетілдіру және  орта медициналық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімдерінің ағымды және қорытынды аттестаттау жұмыстары үшін  құрылған  дуалды орталық құрылды. Орталық  механикаландырылған  жаттықтырғыштармен, мулляждармен,  фантомалармен және  пациенттерді күтуге арналған  көпатқарымды  ынталандыруыштармен  жабдықталған.



Колледж кабинет жиһаздарымен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Салалық бөлімшелердің жетекшілері  заманауи құралдармен жабдықталған жұмыс кабинеттерінде  қызметтерін атқарады. Оңтайлы  жылу мен жарық жұмыс кестесі сақталады.

Медбике  кабинеттерінің технологиялары заманауи фантомалармен, жаттықтырғыштармен, қажетті медициналық құралдармен жабдықталған: күтім жасайтын қуыршықтар, ем-дом  жасауға арналған электронды датчиктері бар мулляждар, тамыр соғысын өлшейтін электронды жаттықтырғыштар, клизмалар мен катетрларды қоюға арналған фатомалар, сондай-ақ  сықаттарға күтім жасау мен жедел медициналық көмек көрсету  заттары,  медициналық шқаптар, арнайы кереуеттер,  кислород жастықтары, көрнекілік-әдістемелік материал,  барлық мамандықтарға арналған  оқу-әдістемелік құралдар.

Хирургия кабинеттері  үш оқу бөлмесінен тұрады.  Оқу кабинеттері тігіс жасау жабдықтарымен, жарақаттардың, күйіктердің, сынықтардың фантомаларымен,  көпатқарымды, жүрек-өкпе ауруларының «Максим-3» жаттықтырғыштарымен, ЖДЕ-ге арналған кеуде мүсіндерімен, аяқ-қолдарын жұмылдыруға арналған  пневматикалық шиналармен жабдықталған. Бір кабинет орталық үстелі,  бестенев шамы,  шыны шкаптары,  жалпы хирургиялық құралдардың топтамаларының үстелі, отаға арналған  материалдар мен халаттардың биксы бар  кішірек ота жасау бөлмесіне ұқсайды.  



Педиатрия кабинеттері түрлі жастағы  балалардың күтімін машықтау тәжірибелік сабақтарын  өткізуге арналған. ҚР-дағы денсаулықты сақтау Мемлекеттік  2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын тарату үшін  5 жасқа дейінгі  балалардың күтіміне арналған  жеке оқу кабинеті рәсімделген.  Кабинетте балалардың күтіміне арналған заттар - жансақтау шараларына ұқсас, жүрек қағысы, тамыр соғысын, өкпенің жұмыс атқару мөлшерін  өлшеуге арналған заттары,  ішкі тамыр, бұлшық ет, сүйектерге ұқсас заттары да  бар.

Терапия және ішкі аурулар пропедевтикасы кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған: ішкі ағзаларды саусақпен, тықылдату, тыңдау арқылы  тәжірибелік машықтар жасауға арналған  көпатқарымды  симуляциялық  жаттықтырғыштары;  пациентке тәжірибелік қызмет көрсету  симуляциялық жаттықтырғыштары (жеке гигиена, қажетті жағдайға келтіру,  атқарымды жағдайын бағалау – тамырын, қан қысымын өлшеу).

Қуыршақ-жаттықтырғыштардың көмегімен барлық мамандықтар үшін  жедел медициналық көмек көрсету  машықтары жасалынады.   Кабинеттерді  ішкі ағзалардың  ауру кезінде көрсетілетін  жедел  көмек көрсетуге арналған  тақырыптық суреттер мен   планшеттердің   толық  жиынтықтары бар.

Медициналық құралдар  жеткілікті көлемде: кислород жастықтары,  инфузия системалары, тартпалар, қалақшалар, пинцеттер, жеке гигиена заттары, жай физиотерапия, небулайзерлер, дәрілік заттардың жиынтықтары: компьютерлер, мультимедиа-проекторлар.



Анатомия және физиология кабинеттерінде  сүйектер  жиынтығы, үлкен адамның  қаңқалары,  кеуде мүсіндері, адамның  сүйек, жүрек-тамыр, демалу және басқа да жүйелерінің супер қаңқалары бар. Қолөнері жұмыстарының көрнекілік құралдары, альбомдар, ішкі ағзалар мөлшерімімен  макро және микропрепараттар бар. Барлық тақырыптар бойынша  плакаттар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі  плакаттар тізімдемелері, техникалық оқыту құралдары  жеткілікті мөлшерде.



Акушерік және гинекология  кабинеті МЖБС – 2010 инновациялық талаптарға  сәйкес толықтырылған және жаңғыртылған. Келесі жабдықтар бар: кушетка,  2 гинекологиялық кресло, акушерлік және гинекологиялық  фантомалар, қуыршақтар,  жаттықтырғыш - акушерлік-гинекологиялық  қимылдарды  жасауға арналған  құрал-саймандардың жиынтығы мен босандыруға ұқсас жаттықтырғыш. Кабинет оқу-әдістемелік материалдармен, қабырға газеттерімен, ҚР  нормативті-реттеуіш құжаттамасымен босандыру іс-әрекеттерімен жабдықталған.

Арнайы пәндер кабинеті: тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена, микробиология  және эпидемиология кабинеттері  заманауи құралдармен жабдықталған: барометр-анероид,  портативті  люксметр-радиометр, метеометр-МЭС, аналитикалық  және еден үстіндегі таразылар, ПШВ-80 шуөлшегіші, көпатқарымды секундомер,  кранды эксикатор,  рефрактометр,  сахариметр, патологиялық материалдарды  жинақтауға арналған  құрал-саймандары бар, дәрілік заттары мен тазалағыш заттары бар   медициналық шқаптар. Сұйықтықтарды тамшылатып құюға арналған  муляждар, термостат, тоңазытқыш, Ассман  психрометрі, РН – метр, метедеректер мен  ауадағы зиян заттарды анықтауға арналған ФЭК, «МЭС». Кабинет ҚР ДМ нормативті–реттеуші  құжаттамалармен, оқу-әдістемелік құралдармен, көрнекілік және насихаттау материалдарымен, экранмен, мультимедиялық  проекторлармен, ноутбукпен   жабдықталған.



ТЛФ, ОЭФ кабинеттері  жаңа стандарттармен жабдықталған. Дәріханалық құжаттармен жабдықталған: түрлі салмақты дәріханалық таразылармен, ТК-2   сұйық емдік формалы  аппараттарды бөліп салғыштармен, Мор таразысымен, дозатор-қасықпен. Берілген заттардың барлық бөлімдері бойынша  оқу-әдістемелік әдебиеттер бар. Кабинетте жеткілікті мөлшерде фармакологиялық құралдарға түсініктемелер бар, фитотерапиядан материалдар кеңінен қойылған, жаңа емдік формалар мен емдік өсімдіктер бойынша витраждар жабдықталған.



Бейорганикалық, органикалық және аналитикалық химия жаңа стандарт  бойынша жабдықталған. Кабинетте  аквадистиллятор, аналитикалық таразылар, микроскоп,  тартылмалы шқап, теледидар,  компьютер, пәндердің барлық  бөлімдері бойынша  аудио-визуалды метариалдар  бар. Кабинет оқу кестелерімен (Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің кестесі, металдардың қысым қатары, заттардың еру кестесі және т.б.) көрнекілік және қолданбалы материалдармен  жабдықталған.

Білім беру қызметтері сапасының мониторинг орталығы  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың білімін бақылау және  оқушылар мен оқытушылардың өзіндік жұмысы арқылы оқу процесінің тиімділігін арттыру  формаларының бірі болып табылады.

Оқу процесінің мониторингтік жүйесін техникалық қамтамасыз ету мыналарға арналған және бағытталған:

♦ клиникалық оқу пәндері бойынша электрондық тасымалдауыштарда теориялық және тәжірибелік сабақтар (медициналық  көріністерді орындауда дәріс тұсаукесерлері,  оқу фильмдері,  стандарттар) өткізу үшін  екі интерактивті тақтаны  оқу және  аудиобейне  материалдарымен ресурстық қамтамасыз етуге;

♦ әкімшілік мүшелерінің қатысуынсыз,  бейнебақылау арқылы клиникалық және арнайы оқу пәндері бойынша ашық сабақтарды, емтихан мен сынақтарды қабылдау  кездерін көрсетуге;

♦ оқытушылар мен оқушылардың өзіндік білім алу жұмыстарын электрондық тасымалдауыштардағы анықтамалармен, энциклопедиялармен, оқу-танымдық фильмдермен, ақпараттық материалдармен  әдістемелік қамтамасыз етуге;

♦ тәжірибелік сабақтарды өткізу сапасының мониторингі мен бақылауына;

♦ оқушылардың білімдері мен машықтарының  ағымды, рубежді және қорытынды бақылауыныңы тексерісін өткізуге;

♦ қолда бар тест тапсырмалары арқылы   және клиникаға дейін тәжірибе  кабинеттерінде оқытушысыз босатылған теориялық және  тәжірибелік сабақтардың  орнын толтыру жұмыстарын ұйымдастыруға;

♦ әр оқытушы мен оқушының қажеттіліктеріне сәйкес Интернет материалдарына қол жетімділігі.



Колледж кітапханасы екінші қабатта орналасқан, жалпы алаңының көлемі - 173 м2;  кітап сақталатын алаңы - 90 м2, оқырман залының орындық саны - 60;   кітап босату бөлімшелері - 3. Кітапхана 1700 оқырманға қызмет көрсетеді, оның ішінде колледж студенттері, оқытушылар, зертханашылар, медициналық қызметкерлердің біліктілік арттыру бөлімінің тыңдаушылары.

Кітпхананың негізгі міндеттері мен бағыттары: білімдік, ақпараттық және тәрбиелік.

Оқырмандарға 3 бөлімше қызмет атқарады: дәстүрлі  кітапхана қоры бар абонемент, кезеңдік басылымдары мен әдістемелік және дидактикалық  материалдарымен оқырман залы,  электронды кітапхана қорымен  мультимедиялық зал. Жалпы кітапхана қоры 70120 дана. Оқу, оқу-әдістемелік, медициналық әдебиет құрамы 68469, оның ішінде 8831 данасы қазақ тілінде (13%). Кітпахана қоры  баспа орталықтарымен,  авторлары және  кітап дүкендерімен жаңа басылымдармен толықтырылып отырылады. 2012-2013 оқу жылында 4561806 теңге сомасына 1708 дана  оқу, оқу-әдістемелік әдебиет алынған. Электронды оқырман залының каталогында CD-дискілері мен e-book оқу әдебиеттері мен  аудио және бейнематериалдары сияқты  5000 –ға жуық электрондық құжаттар бар. Жыл сайын білімнің түрлі саласын қамтитын кезеңдік басылымдарға – 40-тан астам газет пен журналдарға (оның ішінде мемлекеттік тілде - 21)  жазылу жүргізіледі, олар: медицина, педагогика, экология, денешынықтыру, валеология, саясат, тарих: «Денсаулық», «Казахстанский медицинский журнал», «Мейірбике ісі - Сестринское дело», «Фармация Казахстана», «Доброго здоровья», «Казахстанский фармацевтический вестник», «Профессионал Казахстана», «Методист», «Отбасы және денсаулық» және т.б.

Кітапхананың мультимедиялық залы INTERNET пен жергілікті  локалды жүйе  қосылған 27 заманауи компьютермен, көшірме техникасымен, принтермен, сканермен және аудио-бейне техникаларымен   жабдықталған. Кітапхананың заманауи электронды залы  электрондық құжаттардың  түрлі жинақтарын  сақтауға әрі тиімді пайдалануға  ықпал етеді. Колледж кітапханасы түрлі пайдаланушылардың, оның ішінде көпшілігі - түрлі курстардың студенттерінің  өзіндік жұмысын ұйымдастыруға  басты назар аударады,  ақпараттық талаптарын талдау және зерделеу жұмыстары  үнемі жүргізіліп  отырады. Оқырманның қызығушылығы инновациялық іс-әрекеттерден, заманауи технологияларды пайдаланудан құралады. Кітапхананың электрондық оқырман залында  студенттерге  қажетті  ақпарат іздеу немесе  өзіндік жұмыс атқару үшін  электронды «Студент портфелі»  құрылған, онда колледж оқытушыларының дәрістік тұсаукесерлері мен  бейнесабақтары  және  оқылатын пәндер бойынша  ұсынылатын оқулықтар,   оқу құралдары, бейне және аудио материалдары  бар.



Кітапхана  қорын тиімді пайдалану үшін «ИРБИС» бағдарламасы қойылған және ТМД-да – «Студент кеңесшісі. Медициналық колледждің  электрондық кітапханасы» кәсіптік  медициналық әдебиеттің  басшы басылымы болып табылатын «ГЭОТАР-Медиа»  баспа тобының (ЭБС) электронды кітапхана жүйесі  орнатылған. Өткен оқу жылының  бірінші жартыжылдығында  электронды  оқу залын  пайдаланушылардың жалпы саны  - 2957 студентті құрады, оның ішінде 65% 2-3 курс студенттері.

INTERNET-те кітапхананың  Web- беті мен kmedcollege@mail.ru.  колледж электрондық поштасы  қосылған www.karmedkolledzh.kz колледж сайты бар.

Соңғы үш жылда  мемлекеттік тілдегі оқу басылымдарының түсуі артты:  патологиялық анатомиядан,  фармакалогиядан, физиология мен офтальмологиядан,  медициналық психологиядан, гигиенадан,  микробиология мен вирусологиядан,  тамақтану гигиенасынан, қазақ тілінен, физиотерапия мен массаждан. Толығымен  кабинеттер мен  зертханалардың жабдықталуы -  84 %.