Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі
1935 жылы негізі қаланған / www.karmedkolledzh.kz
+7 (7212) 41-45-32
«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің» өкілеттілігі – Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдары үшін орта медициналық қызметкерлерді дайындау саласының нарығында бәсекелестік қағидаларды арттыру; оқыту және тәрбиелеу процестерін, ғылыми-зерттеушілік және инновациялық іс-әрекеттерді жетілдіру; жұмыстың барлық бағыттарының сапасын үнемі арттыру негізінде қызығушылық талаптарды орындау.
«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің» бейнесі - медициналық білім беру жүйесінің халықаралық қоғамында әлеуметтік-жауапты лидер атанған, еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындайтын, барлық жұмыс саласында білім мен тәжірибеніңбірлігін қамтамасыз ететін, ұлттық медициналық мектепті дамытатын, өз дәстүрлерін қорғайтын әрі көбейтетін оқу мекемесі.
Стратегиялық мақсаты: медициналық қызмет көрсету нарығында сапалы кәсіби медициналық білім беру, қоғамның өсіп келе жатқан талаптарына сәйкес тәжірибелік денсаулық сақтау саласына заманауи медбикелік технологияларды енгізу, бәсекелестікке қабілетті колледждің тиімді инновациялық моделін құру.
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің стратегиялық бағыттары болып табылады:
1. Білім беру іс-әрекеттерін жетілдіру;
2. Медбикелік білім беру процесі мен тәжірибелік денсаулық сақтау ісін біріктіретін тиімді жүйелерді құру;
3. Үзіліссіз кәсіби білім беру тиімді жүйелерін құру;
4. Әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын құру;
5. Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту;
6. Колледждің басқарушылық формаларын жетілдіру;
7. Әлеуметтік серіктестік жүйелерін кеңейту, білім берудің дуалды жүйесін жетілдіру.
Колледж басшылығы өзінің біліктілігі мен білімін қызметкерлер мен студенттерге тарату істерін жалғастыруда: Өкілеттілігі мен Бейнелерінің сұрақтарын, негізгі құндылықтарын; медбикелік білім беру облысындағы мақсаттары мен міндеттері түрлі деңгейлерде талқыға салынады: Педагогикалық кеңесте,Әкімшілік кеңесте, педагогикалық конференцияларда, ЦӘК отырыстарында.
Колледждің таңдаулы стратегиясы мен басшылық саясатының логикалық нәтижесі - Қазақстан Республикасының медициналық колледждері арасында өзінің позияциясын мойындату әрі нығайту.
Колледж әлеуметтік жауапты ұйым ретінде, кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету және басқарудың маңызды құралы, колледждің бәсекелестікке қабілеттілігін бағалаушы технологиясы болып табылады, ақпараттың үлкен ағымында жастарды бағыттауға көмектеседі, талапкерлерге, колледж оқытушыларына, жұмыс берушілерге, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға колледждің білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Осыған байланысты колледждің негізгі бағыттарын қалыптастыруда басты назар білім беру қызметтері арқылы тұлғаның әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын, үзіліссіз білім беруге дайындықты қамтамасыз ететін кешенді тәсілдерге аударылады.
Коллеждің әлеуметтік жауапкершілігі тәжірибелік денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету.