Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Үздіксіз оқыту орталығының құрылымы

Медицина колледжінің орта медициналық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру бөлімі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының 06.11.1998 ж. №523 бұйрығының және Қарағанды қ.медицина колледжінің 04.01.1999 ж. № 1 «а» бұйрығының негізінде ұйымдастырылды.

БАБ медицина колледжінің салалық бөлімшесі болып табылады және оқу базасын пайдаланады. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап БАБ тыңдаушыларына тәжірибелік сабақтар өткізу үшін симуляциялық орталық құрылды. 2015-2016 оқу жылынан 02.07.2015ж. педагогикалық кеңестің шешімімен, №5 хаттама біліктілікті арттыру бөлімі мен симуляциялық орталықтың бірігуі арқылы «Үзіліссіз оқыту орталығы» құрылды. Орталықтың жұмысы бекітілген колледж істерінің номенклатурасына сәйкес қойылған. Орталық тыңдаушылар тобын құрамдау жұмысын жүргізеді: ӨТ мен БА кестелері құрылады, аймақтарға жіберіледі, ғаламторға шығарылады, ЕАО-нан өтініштер қабылданады, тыңдаушыларды қабылдау істері жүргізіледі, жеке іс қағаздары рәсімделеді, циклды аяқтау куәліктері беріледі, барлық нормативті құжаттамалар жүргізіледі.
Білімді меңгеру сапасын жақсарту, тәжірибелік ептіліктер мен машықтарды жетілдіру мақсатында, симуляциялық оқуларды заманауи муляждар мен фантомаларда пайдалану арқылы «Орталық іс-шаралардың стандарттарын жетілдіру» курстары өткізіледі.

Оқу үрдісі ҚОМС-на сәйкес ұйымдастырылған. Даярлау және қайта даярлау циклдарын жоспарлау, оқу үрдісін мөлшерлеу «Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының факультеттерінде оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау» №9 Нұсқаулық хатқа сәйкес жүргізіледі.

Типтік оқу бағдарламалары негізінде Жұмыстық оқу жоспарларымен, жұмыстық оқу бағдарламалары және бақылау-өлшеу құралдарымен (тест тапсырмалары мен есептер) бірге МОӘК құрайтын силлабустар жасалады. Барлық оқу материалдары екі тілде қағаз және электронды тасымалдауыштарда беріледі.