Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Әлеуметтік- экономикалық пәндер ЦӘК

Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінде, «Әлеуметтік- экономикалық пәндер ЦӘК» оқытушысы Зейнгабиева Ж.М.ұйымдастыруымен әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуы қарсаңында “Ұлы даланаң Ұлы ойшылы, ұлтымыздың мақтанышы” атты дөңгелек үстелөтті.  Дөңгелек үстелдің «қоңағы» болып Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, тарих магистрі Аймахов Е.Н. өзінің шәкірттері, ҚарМУ студенттері  келді.Отырысқа «Мейіргер ісі» мамандығының 1, 2  курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып жеткізу және шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу болды. 

Әл-Фараби — Ибн Сина, аль-Бируни, Омар Хайям, Наср ад-Дин ат-Туси т.б. атақты философтар мен ғалымдар мұсылмандық Шығыстағы, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың негізін қалаушылардың бірі. Ол таза философиялық және логикалық еңбектермен қатар көптеген табиғи-математикалық және жаратылыстану-философиялық еңбектер жазды. Ол шығыста да, батыста да ғылымның одан әрі дамуына үлкен әсер еткен бай ғылыми мұра қалдырды. Бұл ойшылдың ғылыми мұрасын зерттеу, оның әлемдік ғылым мен өркениетке әсерін анықтау бүгінгі күні де өзекті болып қала бермек.

Баяндамалар мен сөз сөйлеулерді талқылау нәтижелері бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар келесі ұсыныстар  қабылдады:

— әл-Фарабидің рухани және интеллектуалдық мұрасын жаңа әлем дәуірінің пайда болған интеграциялық дүниетаным тұрғысында зерттеуге талпыныс жасау;

— өткен кезеңнің рухани мұрасының қазіргі заманғы және жаңа кезеңдегі адамның дамуы үшін тарихи маңыздылығын актуальдандыру;

— студенттік ортада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында фарабитану, әл-Фарабидің ғылыми мұрасы бойынша шығармашылық эссе, бастамашыл пікірсайыстар өткізу.

 

 

Фотогалерея »