Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қызықты көңіл, студенттік өмір

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде «Қызықты көңіл, студенттік өмір»  атты биылғы жылы колледж табалдырығын аттаған талапкерлер үшін  студенттер қатарына қабылдауға шарасы өткізілді.  

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын үлгісі. Еліміздің дамуының басты көрсеткіші- адам денсаулығы десек, біздің колледжде лаборант, мейірбике, фармацевт, акушер, фельдшер мамандықтары дайындалуда. Колледж студенттері үшін  Интернет желісі, информатика кабинеттері, Интерактивті тақталар, коворкинг-электронды залы, студенттерге қызмет көрсету кабинеті  жабдықталған. Тұңғыш Елбасының жастарды қолдауға қатысты айтылған ойларының көрінісі биылғы жылдың Жастар жылы болып бекітілуіне негіз болды. Иә, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Білімді, саналы ұрпақ қана ел болашағы бола алатындығын атап айтқан басшымыз бүгінгі жастарға зор міндет жүктеп отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болатынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажет екенін атап өтті.

Осы  міндеттерді орындауда   адам жанына дауа, тәніне шипа беретін ақ халатты абзал жандарды дайындайтын  еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнында болашақ мамандарға Білім беру ісінің, Денсаулық сақтау саласының «үздіктері»,  «Білім беру саласының құрметті қызметкерлері», жоғары санатты оқытушылар сабақ береді.

Салтанатты кеште Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік  колледжінің  директоры м.ғ.к. доцент   И. М. Ахмадишин құттықтау сөз сөйлеп, жастарға ақ жол тіледі. Студент деген  атқа лайықты болады деген сеніммен оларды  топ кураторлары,  бөлім меңгерушілері Ж.Д.Спатаева, Л.А.Бикетова, А.А.Омаровалар құттықтап, топ старосталарына Аманат тапсырды.

Кеш соңында 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының қадірлі азаматы болуға, білімі  мен күш- жігерін  адам  денсаулығын қорғау үшін жұмсауға ант берді.Кеш соңы концертке ұласты.

 

Фотогалерия »