Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарттарым-асыл қазынам!

Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында колледжіміздің «Жігер» ЖКК төрайымы С.А.Косшигулованың бастауымен, музыкантымыз М.И.Базарбаевтың қоштауымен 3-2, 2-5 тобының белсенді студенттік құрамы2017 жылдың 26 желтоқсан күні «Қарттарым-асыл қазынам» атты тақырыппен Қарағанды қаласы, Пришахтинск ықшамауданы, Каракумская 93 көшесінде орналасқан қарттар үйіне барып қайтты.

Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз. Әсіресе, жалғызбасты әже мен аталардың қал-ахуалын біліп, денсаулығын сұрап тұрудың сауабы мол. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен жастарымыз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама қойды. Мақсаттары атақ пен абройға кенелу емес, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарттардың көңілін көтеріп, батасын алу. Ойлары орындалды да. Концерт барысында өнерлі жастар өлең оқыды, ән салып, би биледі. Отырған жұрт көздеріне жас алып, ризашылықтарын батасымен жеткізді. Мерекелік кеш студенттердің арнайы даярлауымен жасалған ақ дастарханға ұласты.

Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Сондықтан, ол кісілерді мерекелерімен құттықтап, көңілдерін бір марқайту – кішіпейілділіктің белгісі. Осы кеш қарияларымызға үлкен қуаныш сыйлағандай болды, себебі барлығының жүздерінде жоғары көңіл-күйдің нышаны байқалды.