Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

«Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы»

«Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы»

 

2022 жылдың 20-шы қыркүйегінде Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде  Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  1Ф4 тобында   тақырыбында тәрбие  сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және студенттердің танымдық деңгейін дамыту болып табылады. 1Ф4 тобының студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Студенттермен кері байланыс жасалып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.