Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Әлем таныған Абай

Абай Құнанбайевтың туғанына - 170 жыл толуына арналған мерекелік шара - Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей артында өлмейтұғын сөз қалдырған қазақ халқының ұлы ақыны– Абай Құнанбаевтың туғанына - 170 жыл толуына арналған «Әлем таныған Абай» тақырыбында Қарағанды медициналық колледжінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Гүлмира Слямқызының басқаруымен қыркүйектің -22 күні үлкен мерекелік шара өтті. Мақсаты: ақынның үлгі боларлықтай өнегелі өмірі мен артына қалдырып кеткен бай мұрасы жауһар жырлары мен сөз маржандарынан рухани азық алуға тәрбиелеу,жас ұрпақтың санасына сіңіру.Тіл құдыретін меңгерту.

Абай -қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, ақын, аудармашы, данышпан, ойшыл. Абайдың қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Студенттер сол қара сөздерінен үзінді оқыды. Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі . Осы ақынның туған, өскен жері, өніп- өскен ортасы, қолданған бұйымдары, әкесі -Құнанбай, анасы-Ұлжан, әжесі -Зере экраннан көрсетіліп, еске түсіріліп , студенттерге жақсы бір әсер қалдырды. Ақынның артына қалдырған бай мұрасы , өлеңдерін де студен жастар мәнерлеп оқыды

А.Құнанбаевтың «Тәңір қосқан жар едің сен», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным» «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін колледждің жас әншілері орындап көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен бірге ақынның өміріне арнап жасалған фильмнен үзінді тамашалады. Кеште ұлы данышпан Абай атамызға арнап жазған колледжіміздің жас ақындары да шабыттарына қуат бітіріп өз өлеңдерін оқыды. Абай аударған орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан үзіндіні 1-2 тобының студенттері шағын көрініс етіп қойса ,ал 1-1 тобы «Абай жолы » романынан шағын қойылым көрсетті. Кеш өте әсерлі өтті. Көрермендер колледжге биыл түскен студенттердің талантына таңдай қағып, тәнті болды.

Соңында «Абай жолы» романы бойынша көрермендерге сұрақ қойып, ойын ойналды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Амрина Г.С.

 Фотогалерея "Әлем таныған Абай"