19 қазанда, бірінші біліктілік санатының оқытушысы Соловьева Л.В. II-Фарм тобында «Психология негіздері және коммуникациялық дағдылар» пәнінен шеберлік сыныбын өткізді. Әріптестер назарына «Қақтығыстар және оларды шешу жолдары» тақырыбында тәжірибелік сабақ ұсынылды. Лариса Валерьевна сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін, жоба әдісін қолдануды көрсетті.
Шеберлік сыныбының орталық орны студенттердің өздік жұмыстары мен нәтижелерін көрсету болды. Дәрістегі тапсырманы алған студенттер дәріханадағы типтік қақтығыстардың тізімін жасап, олардың екеуін сахналады, айқын қателіктер жіберді. Содан кейін бірлесіп талқылай отырып, қақтығыстарды шешудің ықтимал жолдарын анықтады. Талқылаудан кейін кіші топтардың әрқайсысы шиеленісті жағдайдан шығудың өзіндік жолдарын бейне баянда көрсетті.
Сабақ жақсы қарқынмен және достық жағдайда өтті. Арнайы пәндер кафедрасы Лариса Валеревнаға жақсы сабақ өткізгені үшін және оған сәттілік тіледі, биылғы жылы келесі аттестациядан сәтті өтуіне тілектесті.



