Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

2017 жылдың үздік бірінші курс студенті

2017 жылдың сәуір айының 6 жұлдызында Қарағанды қаласының медицина колледжі Жастар Коллегиялық Кеңесі «Зияткерлер клубы» аясында «2017 жылдың үздік бірінші курс студенті» сайысы өткізілді. Аталған сайыстың басты мақсаттары мен міндеттері рухани бай жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алу және жан – жақты қалыптасу, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту болып табылады.

Сайыс 2 кезең бойынша өткізілді, 1 кезеңі «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбына шығарма жазу болса, 2 кезеңінде сайыскерлер зияткерлік ойыны арқылы бәсекеге түсті. Жалпы сайысқа 35 қатысушы өтінішін білдіріп, ал іріктеуден 11 адам 2 кезеңге өтті. Зияткерлік ойыны сайысында қатысушыларға биология, жағрафия, тарих, шет тілі пәндеріжәне Тәуелсіз Мемлекет, ЭКСПО – 2017 деген ауқымды мәселелер бойынша сұрақтар орын алды. Барлық қатысушылар алғыс хатпен, сый – сыйапатпен, ал «Емдеу ісі» бөлімінің 2 курс студенті Ерланбай Біржан алғыс хатпен марапатталды.