Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

БОТА жастармен»

20 ақпан күні  Ж.Бектуров атындағы кітапханада  БОТА -ның мерейтойына арналған «БОТА жастармен»  атты   дарынды жастар  фестивалі өткізілді.  Іс-шараға  Жұмабек Ташеновтің «Жылдың үздік ақыны» номинациясының   жеңімпазы  Ерканат Кенесбек, сондай-ақ  «Ұлағат» жастар клубының  жастары қатысты.

Қарағанды  облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің   «Бота» клубының  студенттері  әндер орындаумен  қатар Қ.Айтқалиевтің, А.Тайшабектің, Тілеуқабылдың  өлеңдерін оқыды.  Іс-шарада  Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінен, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінен,  Ж.Букетов атындағы Қарағанды банк колледжінен және Қарағанды гуманитарлық колледжінен  көптеген студенттер  үлкен белсенділік танытты.  Сонымен қатар  кітапханада  Ademi  сән клубының көрсетілімі өткізілді.  Бұл жобаның негізгі мақсаты -  қыздарды өнердің  әр түріне үйрету және  оларға дұрыс бағыт беру. 

Фотогалерея »