Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Чемпион 2017

2017 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында C. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Жайдарман сайыстары өтті. Қарағанды колледжаралық чемпионатының финалдық сайысында үздіктердің үздігі атанып, жеңіске жеткен «Көңілді витаминдер» жайдарман тобын бас жүлде кубогымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





Сайыс барысында өздерінің тапқырлықтарымен, шеберліктерімен, көңілді және өтімді әзілдерімен көрермен назарын аударған «Көңілді витаминдер» жайдарман тобының мүшелері: Аманбекова Наргиза, Арғын Ләйлә, Абильдина Айгүл, Сериков Нұрдаулет, Талғарбек Айдос, Нұрабай Бексұлтан жанкүйерлер тарапынан көптеген сүйіспеншіліктер мен қошеметтерге ие болды.



Колледжіміздің директоры Нурбеков А.Н. құрама командаға үлкен қолдау көрсетті. Бұл сайыс көрермен назарыңда естелік болып қалатын ойын болды! «Көңілді витаминдер» жайдарман тобының болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!