Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Даңқты жолдар жылдары. Нұрбеков А.Н. Қарағанды қаласының медицина колледжінің директоры, м.ғ.к.

Нұрбеков А.Н. Қарағанды қаласының медицина колледжінің директоры, м.ғ.к.

2015 жылы  Қарағанды қаласының медициналық колледжі  өзінің даңқты  80 жылдық мерейтойын  атап өтпекші. Көптеген жылдар бойы  колледж  республикалық  орта медициналық қызметкерлерінің орталық базасы болып саналады. Колледждің даңқты жолы, ғажайып тарихы бар.

Қарағанды облысында  медициналық қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты 1935 жылы 17 қарашада облыстық Кеңестің  сессия отырысында  2 жылдық мейірбикелер  курсын ашу туралы ұсыныс талқыланды.  Дәрігер Ядвига Алалыкина жұмысшылар мен кеншілер арасында бұл мектепке оқушыларды жинау үшін  үлкен  насихат жұмысын жүргізуді ұсынды. 1935 жылы 7 желтоқсанда РСФСР денсаулық сақтау  Халық Комиссариатының бұйрығымен  қалалық аурухана базасында  осындай мектеп ашылған болатын. Бұл аурухана 1931 жылы салыған  бір қабатты ғимарат еді.  Ғимараттың  қабырғалары көгерген, едені жоқ,  жарығы керосин шаммен  жарықтанатын 4 бөлме еді. Аурухана пешпен  жылытылатын, суы, зертханасы,  кітапханасы, асханасы  не жатақханасы жоқ болатын.  Оқушылар  қазақтардың жер үйлерден  шам жағылатын бөлмелерді жалдайтын.  Мектептегі арнайы пәндердің  оқытушыларының көпшілігі  аурухананың штаттық қызметкерлерінен құралатын. Бұл жылдары мектепте  Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласының  негізін қалаушы  Генрих Никонорович Алалыкин  қызмет атқарған. Сырқаттарға күтім жасау, тәжірибе сабақтарын  өткізу үшін тәжірибелі аға мейірбикелер шақырылатын.

1936 жылы 4 сәуірде дәрігер Вера Сергеевна Барановская аурухананың бас дәрігері  және мейірбикелер мектебінің директоры болып тағайындалады. Мектеп  аурухананың  құрамдас бөлімі болуы керек деген шешім қабылданады.  Оқушылар  екінші жылы кіші мейірбикелер  қызметіне ауыстырылып,  аурухананың штаттық қызметкері болып, жүмыс жасады.

1937 жылы Қазақ ССР Халық Комиссариаты Кеңесінің Қаулысымен  мейірбикелер мектебі  фельдшер және 3-жылдық білім беретін акушерлер  мектебіне  ауыстырылады.

Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына  акушер мектебінің түлектері, мұғалімдер шақырылған. Солардың қатарында  соғыс жылдарында фельдшер қызметін атқарған және кейіннен  медициналық училищенің директоры болған  Мүкен Садықұлы Рақымбековте бар еді.   М.С. Рақымбеков  «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы  үшін» медалімен  марапатталған.  Кеңес солдаттарын құтқаруда  батылдық пен ержүректік  көрсеткен фельдшер - акушер мектебінің 11 түлегі   «Қызыл ту» орденімен марапатталған. Мектепті бітірген  12 қыз эвакуациялау госпитальдерінде жұмыс жасаған.

Елуінші жылдардың басында  мектепте фельдшерлер, акушерлер, санитарлық фельшерлер, тіс дәрігерлерін  дайындау басталды. 1954 жылы  мектеп медициналық училище болып аталды. 1996 жылдың 14-шілдесінен – Қарағанды медициналық  колледжі  атауына ие болды. Елуінші жылдың ортасынан  бастап  медициналық училищені Шаймерден Қайназарұлы Кайназаров басқарды. 50-ші жылдары  халықты дәрімен қамтамасыз ету  55 қалалық  және 30 ауылдық  дәріханада жүзеге асырылды. Бұл, әрине, өте аз еді, өйткені  Қарағанды облысында жоғары қарқынмен  дамыған  көмір және металлургия өндірісі халықтың көбеюіне әкеліп соқты. Осыған байланысты  көкейтесті мәселенің  бірі  облыста дәріхана қызметін көбейту болды.  1960 жылы  училищеде «Фармация»  мамандығы бойынша оқыту басталды.

1962 жылдан 1982 жылға дейін  медициналық училищенің директоры Рақымбеков Мүкен Садықұлы болған. Оның басшылығымен 6 мамандық бойынша  медициналық қызметкерлерді  дайындау үшін  материалдық-техникалық база құрылған болатын. Оны еске алу ретінде жыл сайын  колледжде М.С.  Рақымбеков  педагогикалық оқулары өткізіледі.  2003 жылдан       бастап «үздік» оқитын  және  колледждің қоғамдық жұмыстарына  белсене  қатысатын   студенттерге М.С. Рақымбеков атындағы   шәкіртақы тағайындалды.

Өмірде денсаулық  сақтау  мен медициналық колледждің  дамуына тарихи  толықтырулар енгізу керектігі туындады.  Бұрынғыдай  орта буынды медицина  қызметкерлері жетіспеді.  1963 жылы 1 қыркүйекте 4 ауданда, қалалық 3 ауруханада, жақын  орналасқан шағын қалаларда   мейірбикелерді  дайындау мектебінің филиалдарын ашу туралы  шешім қабылданды.

1982 жылдан бастап Қарағанды мелицина училищесінің  директоры  болып Мереке Көккөзұлы Көккөзов тағайындалады.  Оның  ұйымдастырушылық қабілеттері  мемлекеттік тілде білім беру,  оқу жоспарларына және «Мейірбике ісі»  мамандығына бейінді пәндер  енгізу  кезінен  анық  көрінеді. Ол оқудың кешкі бөлімін ашты.

Қазіргі колледж директоры А.Н.Нұрбековтың басшылығымен  үлкен өзгерістер болды. Бұл- оқу процесін ақпараттандыру,  материалдық-техникалық базаны  нығайту және заманауи техникамен жабдықтау. Білім берудің барлық кезеңдерінде  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану арқылы,   оқу процесінің  тиімділігін  арттыруға және біліктілік пен машықтарды бақылауға  жағдай туғызатын сапа мониторингі  орталығы құрылды.  

Клиникаға дейінгі тәжірибе кабинеттері, зертханалар, дәрісханалр  заманауи  оқу-көрнекілік құралдарымен, жаттығу құрылғыларымен, муляждармен, Герман және Жапон елдері өндірісінің нақпішіндерімен (имитатор), интерактивті тақталармен, проекторлармен, жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған информатика кабинеті,   мультимедиялық зал,  лингафон кабинеті, Ғаламторды  жүйесі, электрондық колледж  жаңалықтары енгізілді.    Колледждің айнасы болып табылатын  өз сайты бар. Біздің оқытушылар  оқулық және оқу құралдарын жасау байқауларына қатысады. Олар Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің  студенттеріне арналған  оқу құралдарын жазып, баспадан шығарды. Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау саласының  Бірыңғай  ұлттық жүйесінің   талаптарына сәйкес   медициналық көмекті   стандарттау қажет. Бұл мақсатта  колледж оқытушылары хирургия, терапия, педиатрия, акушерлік- гинекологияда  мейірбикелік  стандарттар жасады.

1999 жылдан бастап  колледжде орта медициналық қызметкерлерге  дипломнан кейінгі білім беру  жүзеге асырылуда. Біліктілікті арттыру бөлімі  тыңдаушыларының  арасында   облыстың село - аудандарына  баратын көшпелі  циклдар  көпшілікке белгілі. «Қазақстан - 2030», «Салауатты өмір салты» бағдарламаларының даму стратегиясын  жүзеге асыру мақсатында  колледж директоры А.Н.Нұрбековтың     бастамасымен  және    оқытушылардың қолдауымен құрылған       «VITA» АҚ  колледж  жұмысының     бір бөлігі  болып табылады.
Студенттер «Қайырымдылық»  акциясына белсене қатысып, «Ботакөз» балалар үйінде қайырымдылық шараларын өткізіп отырады.
2008 жылы орта буын медицина қызметкерлерінің тәжірибесін  қорытындылау және тарату, кәсіптік білім деңгейін арттыру  мақсатында, төрағасы болып колледж директоры  А.Н. Нұрбеков тағайындалған,  Қарағанды облысы орта медициналық қызметкерлерінің «Шарапат»   қоғамдық бірлестігі құрылды.  2009 жылдан бастап  «Шарапат» АҚ-да  мейірбикелік іс  мамандарының кәсіби шеберлігі мен қызығушылықтарын  арттыратын «Мейірбике ісі - Сестринское дело» кәсіби журналы шығады.
АҚ-ның төрағасы А.Н.Нұрбековтың  бастауымен 2010 жылы Новосибирск қаласының  ғылыми-зерттеу институтының өкілдері шақырылып, «Қазіргі кезеңдегі қанның ауруы. Иммунология»  атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.  2013 жылы Омбы қаласы  денсаулық сақтау өкілдері  мен Омбы  облысының «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Орталығының» бюджеттік білім беру мекемесінің әріптестері   шақырылды.

«Шарапат»  АҚ-ы  ауылдың  медицина қызметкерлері үшін көшпелі шеберлік сабақтар, семинарларды жыл сайын  өткізуді дәстүрге айналдырған.  2014 жылы № 3 емханамен  бірлесіп,  «Алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесіндегі  үздік мейірбике» байқауын өткізді. 2014 жылы 22 мамырда «Үздік мейірбике»  байқауы Абай қаласында,  28 мамырда ФАП-тің  «Үздік фельдшері» байқауы  Бұқар жырау ауданының  орталық  ауруханасында өткізілді.

2014 жылы  колледжде  орта медициналық қызметкерлерді дайындау  бөлімінда  бірінші рет аймақтық  дуалды білім беру   орталығы ашылды. Орталықта  әртүрлі «емделуші –манекеннің» қасында  студенттер білім алатын  заманауи  аппараттар  орналасқан.

Колледж  республиканың медициналық ұйымдарында,  сонымен қатар, шетелдерде  жұмыс атқарып жатқан өз түлектерін мақтан етеді. «Фармация»  мамандығы бойынша  республика медициналық колледждері арасында өткізілген «Үздік түлек -2014»  республикалық  конкурсында біздің колледждің түлегі Степкина Любовь жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Хасанқызы Бекайдарова,   медицина ғылымдарының докторы, бас нейрохирург Қанат Мухамеджанов,  облыстық клиникалық аурухана директорының орынбасары, ҚР-денсаулық сақтау «үздігі»  Даниярова Баян Лашынқызы;   профессор, медицина ғылымдарының докторы Мадыкенов Өмір Мадыкенұлы; медицина ғылымдарының кандидаты, Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің  анатомия пәнінің оқытушысы  Амренова Галина Мусинқызы,«Мейірбіке ісі - Сестринское дело» журналының редақция алқасының мүшесі Валентин Алырщиков және т.б. осы орта медициналық мекеменің түлектері.
Колледждегі спорт өмірі де мазмұнды.  Оқытушылар мен студенттердің командалары  облыстық  және қалалық жарыстарға қатысып,  жүлделі орындарға ие болуда. «Индустриальная Караганда» газетінің  жеңіл атлетика  эстафетасының жүлдесі үшін болған жарыста  қыздар командасы төртінші рет жеңімпаз атанды.
03.06.2014 ж.  ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің  «Аймақтық симуляциялық орталық ашу»  туралы бұйрығының негізінде  Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының  Қарағанды қаласы медициналық колледжі  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде,  Облыстық клиникалық аурухана  базасында «Симуляциялық орталық» ашылды.  Орталық  заманауи оқу - көрнекілік (муляждармен) нақпішіндерімен, білім берудің жаңа техникалық құралдарымен, әлемдік белгілі өндірушінің босануға ұқсайтын  көпфункционалды  компьютерлендірілген «Gaumard» симуляциялық қондырғысының муляждармен, жаңа туған баланың  интерактивті  муляждармен, пациенттерге күтім жасайтын муляждармен, компьютерлік робот-симулятор, Wi-Fi жүйесін қолдану арқылы жүрек-өкпе фантомында кеңірдекті тоқпен емдеу моделімен,  ларингоскоп жинағымен, балаларға  арналған «Амбу» типтес қаптармен, жас балаға  ұқсас муляждармен  жабдықталған.

Колледждің 80-жылдық мерейтойы қарсаңында  орта медициналық қызметкерлерге білім беру мен тәрбиелеу  ісіне  қосқан  үлестері үшін  әріптестеріме зор алғыс айтқым келеді!
«Қазақстан – 2050»  стратегиясы XXI ғасырдың болашақ медицина қызметкерлерінің  интеллектуалды  және кәсіптік  потенциалын  толық ашу  мақсатын айқындап,  маңызды міндеттерді жүзеге асыруға  ықпал ететін  жағдай туғызу талаптарын ұсынады.