Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіндегі Білім күні

Жаңа оқу жылы әрбір студент үшін ерекше мереке. Бұл мереке - болашақ мамандықтың бастауы, себебі достармен кездесу, жаңа ортаның, жаңа білімнің басы, тосын сыйларға толы мереке.

Колледжедегі Білім күні бірінші курс студенттеріне арналады. 1-қыркүйек күні қиындығы мен қызығы мол студенттік өмірдің басталуымен құттықтаймыз.

Биылғы оқу жылында Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттер қатары мейіргерлер, фельдшерлер, акушерлер, фармацевтер және лаборанттармен толықтырылды. Сонымен бірге тұңғыш рет мейіргерліктің қолданбалы бакалавриатқа оқитын 4 топ қосылды.

Колледж директорының, оқытушылардың, жоғары курс студенттерінің құттықтаулары, куратордың алғашқы тәрбие сағаты студенттер мен ата- аналардың есінде мәңгі сақталады.

Колледж оқытушылары мен қызметкерлерін, студенттер мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға денсаулық, еңбек пен оқуда табыстар тілейміз!! Жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттар орындалып, оқу жылы табысты болсын!

Фото »