2017 жылдың 14 наурызында Түркістан медицина колледжінде «онлайн» жүйесінде «Цифрлы Қазақстан – жаңа жаһандық болмысқа бастар жол!» тақырыбына Республикалық ғылыми - ізденіс конференция өткізілді. Осы конференцияға «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс 3-Ф6 тобының студенті Музолевский Максим қатысты. Оның ғылыми-зерттеушілік тақырыбы «Қарағанды қаласының медицина колледжінің білім беру үрдісінің жүйесіне корпоративтік ақпараттық портал енгізу». Конференция қорытындысы бойынша Музолевский Максим 1-ші дәрежелі Дипломммен марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі информатика пәнінің оқытушысы Суйндыкова Айжан Сериковна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
