Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Көңілді старттар -2018

«Көңілді старттар» спорт конкурсы біздің колледжде дәстүрлі түрде Әлемдік денсаулық күніне арналады. Биылғы оқу жылы ойынға 8 адамнан тұратын 4 команда қатысты: 1-1, 1-2, 1-3, 1-4. Конкурс бағдарламасында баскетбол доптарымен, секіргіштермен жарыстар жүргізіліп, ұлттық ойындар «Итеріспек», «Арынды арқан», «Арқан тартыс» ойындары ойналды. Үзілістерде қорытынды баға қою барысында есепке алынатын, әр топтың музыкалық ойындары ұсынылды. Сонымен қатар біріңғай форма, команданың атауы, эмблемасы мен девизі есепке алынды.

Өткізілген жарыстардың қорытындысы бойынша 1-1 (капитан-Каримова А.) тобының студенттері жеңімпаз атанды. 1-2 (капитан-Оразбаева Б.) және 1-3 (капитан – Кудрявцева А.) командалары сый-сияпатқа ие болды. Белсенділік танытқан 1-4 (капитан-Чудновец А.) тобы марапатталды.

Барлық конкурс қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Бірақ ең басты сыйлық - көктем алдындағы ерекше көңіл-күй.

Дене шынықтыру тәрбиесі пәнінің жетекшісі: Б.Н.Полынько.