Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Жаныңда жүр жақсы адам!

Қарағанды облысы жоғары мейіргерлік колледжінде елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, белгілі онколог-дәрігер Тургунов Мейрам Байзрахманұлымен кездесу өтті. Кездесуді колледжімзідің директоры, медицина ғылымының кандидаты Нұрбеков Аманжол Нұрбекұлы бастады.

Кесздесуге екінші, үшінші курс студенттері және оытушылар қатысты. Кесдесу өте тартымды өтті! Өзінің еңбек жолындағы қызықты да, қиын кезеңдерін еске түсірді.

Студенттерге үлгі боларлықтай өмір тарихы, еңбек жолы бар ағамыздың айтары өте көп болды. Сексенді алқымдап қалса да, ойы нық, бергенінен берері көп сияқты. Сөзінің соңында Мейрам Байзрахман ұлы жастарға таңдаған мамандығын шын ниетімен, мейіріммен атқарып, науқастың алғысына бөленуден артық бақыт жоқ екенін айтты. Ерен еңбегі елі бағалаған ағамыз, бұйыртса мамыр айында өзінің 80-жастық торқалы тойын атап өтпекші!!!

Жүзінен мейірмділік аңқыған асыл ағамызға ұзақ ғұмыр тілейміз!!!