Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Алаштың ардақты азаматы

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «Алаш» қозғаласының 100 жылдығына, жазушы, публицист, аудармашы Ж.Бектұрвтың 105 жылдығына орай тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, оның ішінде Жайық Бектұров шығармаларын насихаттау, қаламгер шығармаларын дәріптей отырып, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында «Алаштың ардақты азаматы» атты ІІ Бектұров оқулары өтті.

Байқау екі номинация бойынша өтті. «Тағдыр таңбасы» (романнан үзінді оқу) І номинациясында колледжіміздің намысын қорғаған 2А1 тобының студенті Омарова Альбина алғыс хатпен мараппатталып, Ш.Құдайбердиевтің шығармалар жиынын сыйға алды. «Жайық – жазықсыз жайсаңдар жоқтаушысы» бойыншаІІ номинациясында 2-7 тобының студенті Хавсил Жібек ІІІ дәрежелі дипломмен мараппатталып, 9000 теңге көлемінде сыйақыға иеленді. Талапты қатысушыларымызға рахмет айта отырып, болашақта осындай жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.

Байқауға қаламыздың көптеген оқу-орындарынан келген талантты студенттер мен оқушылар қатысты. Бұл шара тартысты, әрі әділ өтті.