Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде студенттер арасындағы «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша Халықаралық конкурс жеңімпазына құрмет көрсету!

17 ақпанда Қостанай қаласында «Мейіргерлік іс» мамандығының соңғы курс студенттері арасында халықаралық конкурс өткізілді. Бұл конкурс мемлекеттік тілде оқытудың 20 жылдығына арналды, онда колледж студенті Солошенко Ирина екінші орынға ие болды. Бұл жеңіс Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіне үлкен абырой әкелді.

Конурс 2 кезеңмен өткізілді. Бірінші кезең – бұл портфолио конкурсы, ол сырттай өткізілді. Екінші кезеңге 11 студент өтті. Оның ішінде Омбы, Екатеринбург, Тюмень, Курган, Шымкент, Көкшетау, Талды-Қорған, Теміртау қалаларының өкілдері болды. Конкурс барысында студенттер теориялық сұрақтарға жауап берді, мейіргерлік айла-амалдарды көрсетті, практикалық есептер шығарды. Сонымен, қорытындысында Ирина алдына тек Омбы қаласының студентін ғана сала отыра, екінші орынға жетті. Біз Иринаны мақтан етеміз!

21 қаңтарда колледж оқытушылары мен студенттері жеңімпазға құрмет көрсетті. Алғыс хатпен, гүлден басқа Ирина ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар осы студентті дайындаған терапия пәнінің оқытушысы Б.Б. Султангазинаға алғыс хат табысталды. Колледж директоры А.Нурбеков: «Бұл жеңіс тек бір адамның ғана жеңісі емес. Бұл жеңіс - барлық ұжымдікі. Біз өзіміздің студенттермен мақтанамыз! Біздің студенттер алыс шетел студенттерімен бәсекелестікке түсе алатынына сенімдіміз!».

Конкурс жыл сайын өткізіледі. ҚОЖМК тұрақты түрде қатысып тұрады. Өткен жылы осындай конкурста Николай Приступа екінші орынды иеленген.