Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Алаш идеясы-мәңгілік елдің берік тұғыры

2018 жылдың сәуірдің 05 күні «Қарағанды облысының білім басқармасының» «Қарағанды облысына білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Қарағанды облысының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттерінің арасында «Алаш идеясы-мәңгілік елдің берік тұғыры» деген атпен облыстық эссе байқауы болып өтті. Байқау «Қарағанды Гуманитарлық колледжінің» мекемесінде болып, Қарағандыдай шаһардың әр өңірінен өзіндік білімін сынап, оқырмандар тұлпарларын бәйгеге қосты. (эссе байқауына 44 колледжден студент қатысты). Осы байқауға біздің колледжден 3 курс «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті: Сәрсембай Ақмарал қатысты.

Ғылыми жетекшісі болған: «Әлеуметтік-экономикалық ЦӘК» оқытушысы: Сулейменова Жайдары Турагуловна.

Жалпы байқау өте жоғарғы деңгейде өтті десек қателеспегендейміз. Себебі байқауда қазылық еткен қаламыздағы ҚарМУ оқытушылары болды. Сайыс соңында өз пікірлерімен бөліскенде студенттердің ой-өрістерінің жоғары екендіктерін атап өтті. Байқауда сәйгүлігі оза шапқандар жүлдеге ие болды. Солардың ішінде болу бақыты бізге де бұйырыпты, еңбегіміздің жемісін көріп жүлделі 3 орынға ие болдық!!!

Қорытындыда айтарымыз бұл сайысты ұйымдастыру бөліміне, оқытушылар қауымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізге табыс тілей отырып, осындай өскелең ұрпаққа даму кезеңінде өзіндік септігін тигізетін, рухани тұрғыдан әсер ететіндей жобаларыңыз молая берсін деген ниеттеміз!!!