Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

«Мәдени мұра» – ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандырса, «Рухани жаңғыру» – ұлт тарихын таныстыратын даңғыл болды. Ал  «Ұлы даланың жеті қыры» – ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат – деген қанатты сөздермен колледж қабырғасында Мемлекетіміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді. Мерекенің басты мақсаты - Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу,          Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру, студенттерге патриоттық тәрбие беру, Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылды.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерін аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмадишин Ильгизар Миргазиянович колледж ұжымын және студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік іс – шара «Жасай бер – Қазақ елі» деп аталды. Колледж студенттері қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлең айтып, қазіргі заманның биін билеп қана қоймай, «Қайрат Рысқұлбековты тергеуі» туралы көрініс студенттердің жүрегіне жақсы адами қасиеттерді ұялатты. Іс – шараның өткізілуіне жауапты Мынбаева А.Т., Зеитова К.Ж., Несипова А.А., Капияшева М.А., Соболева Н.Г., Мукашева А.Ж., Деменева Е.С., Жамкеева А.Т. сынды оқытушылар колледж ұжымына және студенттерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!

 

Фото есебі »