Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі қонақтарды қарсы алады!

9 ақпанда, Пхёнчханеде ХХІІІ Қысқы Олимпиада Ойындары ашылған күні біздің колледжге Қарағандының белгілі спортшылары келді. Кездесу әлеуметтік-экономикалық пәндер ЦӘК оқытушылары және «Асыл мұра» үйірмесінің мүшелерімен ұйымдастырылды. Бізде қонақта болғандар: самбодан халықаралық спорт шебері, ҚР чемпионы, Әлем чемпионы Беймбет Канжанов, дзюдо мен самбодан ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, самбодан әлем чемпионы АйдынДартаев, дзюдодан халықаралық класс спортының шебері, Азия Чемпионатының призері, дзюдодан Қазақстанның олимпиада құрама командасының мүшесі Жансай Смагулов.

Соңынан белсенді диалогқа ұласқан бұл кездесу студенттердің қызығушылықтарын тудырды. Олар өздерінің спортқа қалай келгендері туарлы, өздерінің қайда оқығандары және жарыстар мен жаттығулар туралы көп әңгіме айтты. Спортшылар ең олғаш өздерін 10-12 жаста қабылдап, қазіргі күнге дейін өздерінің жаттықтырушысы болып жүрген Қайдар Мейржанович Қанжанов туралы жақсы айтты. Балалар содан кейін қысқы олимпиада командасы туралы сұрақтар қойып, олардың кімге жанкүйер болатындығын білді. Сонда Беймбет Пхёнчхандегі Қазақстанның намысын қорғап жүрген қарағандылықтар - Екатерина Айдованы, Денис Тенді, Станислав Палкинді, Юлии Гладышеваны еске алды.

Кездесу соңында спортшыларға алғыс айта отыра, біздің студенттер өздерінің салаутты өмір салтын ұстайтындарын мақтанышпен жеткізді.