Қарағанды облысының жоғары мейіргерлік колледжінде 1 наурыз Алғыс айту күні қарсаныңда «Көктем аруы-2019» байқауы өтті. Ұймдастырушы: Жігер жастар қозғалысының кординаторы Тулеуова Динара Кыдырбаевна. Байқаудың мақсаты: колледждегі ару қыздардың өнері мен білімін сарапқа салып, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру.

Байқауға 1,2,3 курс студенттері, яғни 13 аруымыз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау 4-кезеннен тұрды: «Таныстыру» «Жұлдызын жансын!» «Дефиле» «Сұрақ-жауап» Сонымен бірге ас мәзірі, әртістік қабілетін байқау және сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салған колледжіміздің қыздары жарады, өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «Ару» деген атқа лайық екендерін көрсетті.
Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша Бас жүлде – Салдат Айманға бұйырды. Әр бір аруымызды мақтау қағазымен марапаттады және сыйлықтар тапсырылды.
I-орын - Жанәбіл Айсұлу
II –орын – Хапас Бақытжан және Мұрат Құндыз
III –орын- Хуандаг Айгерім, Несипбаева Жайна және Қайсар Әсем
Өнерлі ару номинациясы – Тойшыбай Айсұлу
Инабатты ару номинациясы – Догалева Диляра
Ақылды ару номинациясы – Махмутова Мақпал
Білімді ару номинациясы – Шарапатова Арайлым
Сымбатты ару номинациясы - Ишанова Тойгуль
Көрермен көзайымы номинациясы – Сархытжан Жанар
Колледжіміздің бас жүлдегері Салдат Айман облыстық байқауға жолдама алды. Айманға ақ жол сәттілік тілейміз!
Фото отчет »