Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің «Көңілді витаминдер» КВН командасы ЖОҒАРЫ РЕЙТИНГ-те

Астана қаласында 5-10 ақпан аралығында Республикалық «Маусымашар -2018» Жайдарман фестивалі өтті. Фестивальге Республика бойынша 594, Қарағанды облысы бойынша 33 команда қатысты. Солардың қатарында колледжіміздің «Көңілді витаминдер» Жайдарман командасы бар. Қоғамдағы осал дүниені де, қылт еткен қуанышты да, бір сөзбен айтқанда болып жатқан оқиғалар мен өзге де дүниелерді әзілге сыйдыра білген жас команданың қадамдары сәтсіз емес.

Команда капитаны Аманбекова Наргиза әдеттегідей өзінің шеберлігімен, ерекшелігімен көзге түсе білді. «Көңілді витаминдер» командасының көңілді де тапқыр әзілкештері креативті ойын өрнегін көрсетіп қазылар алқасының көңілінен шыға білді. Командамыз жай ғана қатысып қайтпай, ЖОҒАРЫ РЕЙТИНГКЕ ие болып, біріншілік ашық лигаға және премьер лигаға жолдама алды. Қарағанды облысы бойынша «Көңілді витаминдер» командасымен қатар Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің құрама командасы өтті. Бұл жоғары жетістік. Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің директоры м.ғ.к. Нұрбеков Аманжол Нұрбекұлы «Көңілді витаминдер» Жайдарман командасын алғырлығы мен жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, алғысын білдіріп, марапаттады. Колледжіміздің намысын қорғап жүрген бұл командаға сәттілік тілейміз!