Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында 2022 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 15.00-де «Парасат жолы » жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай « Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» атты кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, қоғамда парасаттылық , адалдық, сенім құндылықтарын барынша насихаттау.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департементінің маманы Жумабеков Бейбіт Кайыржанұлының қатысуымен өткізілді. Тыңдаушылар ретінде Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты. Кездесу өте қызықты өтті, студенттер өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауабын ала алды.



