Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жаңадан келген студенттерге өз есігін ашты.

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жаңадан келген студенттерге өз есігін ашты. Колледж акт залында өткен мерекелік іс – шараның басты мақсаты - студенттердің ҚР Негізгі Заңы туралы түсініктерін тереңдету, Конституцияның мән мағынасын түсіне білуге қалыптастыру, отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру, студенттердің бойындағы адамгершілік, азаматтық, патриоттық сезімді ояту, әрі шығармашылық ойлай білуге тәрбиелеу болып табылды.

Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент И.М. Ахмадишин және директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары С.Ж.Артыкова студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, колледж қабырғасында толағай табыстарға жетуіне зор ықыластарын білдірді.

ҚР Мемлекеттік рәміздерімен, гүлдермен, плакаттармен, шарлармен, презентациямен безендірілген мереке өте жоғары деңгейде өтті.