5 мамыр күні колледжде Отан Қорғаушылар Күні мен Жеңіс Күні атаулы мерекелеріне арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақты елін қорғай білу, үлкендерді құрметтеу және бағалау сияқты патриоттық рухта тәрбиелеу.
Мереке түрлі жанрларды қамтыды: мәнерлеп оқу, ән айту, көрініс көрсету, фильм үзінділерін тамашалау.

Іс-шараға жауапты оқытушылар: Блялова А.А., Деменева Е.С., Талюкенова А.М., Жантурина Д.К., Жумабаева Б.М., Турмаганбетова А.Б., Акедилова М.К. Шаймерденова Г.С.
