Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

Қарағанды қаласының медицина колледжінің ұжымы ұлтымыздың Басшысы, ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана-сезімді жетілдіру» мақаласын шабыттанып қарсы алды. «Жаңа типті жаңарудың бірінші жолы – бұл өз мәдениетіңді, өз рухыңды сақтау... Ұлттық-мәдени тамырға негізделмеген жаңарту ауада асылып қалуы мүмкін» деген сөзін қолдай отыра, ұжым мүшелері мақаланы талқылау үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.

Оның ішіндегі ең ірісі, 2017 жылдың 26 сәуірінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің оқытушылары: археология профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сағындық Убаевич Жауымбаев, «Дүниежүзі тарихы мен халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Тлеубаевна Төлеуова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Қасымовна Шотбақова қатысқан іс-шара. Талқылауға колледждің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты.

Кіріспе сөз қарт оқытушылардың бірі Нағима Халитовна Омароваға берілді. Ол халықты Президент мақаласының тезистерімен таныстырды, ол туралы нақтырақ кейіннен қонақтар айтады.

Колледж ұжымы қазақ алфавитінің тарихына тоқталып, сонымен қатар латын алфавиті арқылы қазақ халқының әлемдік қоғамға кіру рөлін баяндап берген Қазақстаннның белгілі археологтарының бірі С.У.Жауымбаевтың баяндамасын зор құрметпен тыңдады.

Келесі сөз Л.К.Шотбақоваға берілді. Өз сөзінде Ләззат Қасымовна Шотбақова әлеуметтік белсенділік, ұлттық сана-сезім, қазақстандықтардың төзімділігі, осы жылдың маңызды тарихи күндері – Алаш қозғалысының және Алаш партиясының 100 жылдығы, саяси қуғын-сүргін және жер аудару мәселелеріне 85 жыл сұрақтарын қозғады. Өз сөзінің соңында Ләззат Қасымовна студенттерге өз ісінің патриоты болу үшін, тіл үйрену, кітап оқу керектігін айтты.

Бақытгүл Тлеубаевна Төлеуова «100 жаңа тұлға» бағдарлама шеңберінде «Тұлға тану» орталығының жұмысы туралы айтты. Ол Қарағанды аймағында қала мен облыстың тарихында өз іздерін қалдырған әйелдер туралы материалдар ұсынды. Қарағанды медицинасының басталуы туралы мұрағаттық материал барынша қызығушылық танытты. Ұжым мүшелері мен студенттер Қарағандының бірінші дәрігерлерінің бірі Я.Ф.Алалыкинаның, В.С.Барановскаяның, Р.Ш. Ермекованың, алғашқы мейірбикелердің бірі, Ядвига Алалыкинамен бірген қызметтес болған - М.С.Сагинованың естеліктерін тыңдады. Көпшілігі өз міндеттерін Карлагта, қиын жағдайда атқарған әйел-дәрігерлердің атын бірінші рет естіді.

Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі А.Н.Нурбеков талқылауды қорытындылай келе, Президенттің мақаласында мазмұндалған, қоғамның рухани даму бағыттарын жүзеге асыруда педагогикалық ұжым мен студенттер рөлінің зор екенін атап өтті.

Қарағанды қаласының медицина колледжі ҚарМУ тарихи факультетімен Қарағанды аймағының тарихын білу мақсатында, «Өлкетану» бағдарламасының шеңберінде, ынтымақтастық шартын құрғанын атап өткен жөн. Бұл жұмыс студенттердің патриоттық сезімдерін қалыптастыруға зор үлес қосатындығына сенімді. Әрине, өлкетану жұмысына қатысқан жастар туған өлкесін, сонымен қатар барлық елімізді, бағалай, сыйлай білетіні анық.