Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Менің екінші мамандығым - АНА

Жер бетіндегі ең қасиетті сөз – бұл  АНА. Бұл адамның ең бірінші айтатын сөзі және барлық тілде  өте нәзік  естіледі.  Ананың  қолдары өте  мейірімді, олар барлығын жасай біледі.  Ананың жүрегі  өте сезгіш, ол әрқашан махаббатқа толы.  Сен қанша жасқа келсеңде,  саған әрдайым  ана  керек, оның мейірімі, оның махаббаты. Анаңа махаббатың артқан сайын, өмірің жақсара түседі.



2017 жылдың 07 наурызында  «Менің екінші мамандығым - АНА»  атты шара өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырған оқытушылар: Султангазина Б.Б., Косшигулова С.А., Тулеуова Д.К., Давленова А.С., Байекеева Г.С., Кусаинова А.Ж., Мукушев А.М., Насирова Н.Я., Абенова Д.А. 



«Менің екінші мамандығым - АНА» деп тегін таңдалған жоқ. Колледждегі әр әйел – ол озат педагог, тамаша кеңесші, керемет оқытушы, тәжірибелі психолог, тамаша ұйымдастырушы. Ал үйде – ошақ иесі, балалардың тәрбиешісі, аспазшы, мейірбике, мұғалім, бір сөзбен айтқанда – А Н А!

Біз ұзақ күткен осы бір көктемнің күнінде біздің аналарымыз – оқытушыларымыз марапаттарға ие болды. Біз аналарымызды шын бағалай білеміз.