Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Мейіргерлер өз білімдерін жетілдіруде!

16.02.2018 ж. Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы (бастығы Нурлыбаев Е. Ш.) «Мейіргер ісін жетілдірумәселелері және оны шешу жолдары» атты конференциясын өткізді. Хаттамалық шешім негізінде орта медициналық қызметкерлердің іскерлік біліктілігін арттыру бойынша нақты қадамдар жасалды.

Шешімдерді орындау мақсатында көптеген шаралар өткізілді, олардың бірі 05.04.2018 ж. Қарағанды Облыстық Жоғары Мейіргерлік колледжінде өткізілді. Бас және аға мейіргерлер мен колледж оқытушыларының алдында Республикалық нейрохирургия орталығы директорлар Кеңесінің төрағасы м.ғ.к. Б. С. Туткушев «Мейіргер ісіндегі менеджмент» тақырыбына дәріс оқыды.