Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде денешынықтыру – сауықтыру кешенінің ашылу рәсімі 2 қараша 2018 жыл.

2018 жылы денешынықтыру –сауықтыру кешені ашылды. Жаңа спорт кешенінде  үлкен спорт залы,  шешінетін,  жуынатын  және бөлмелер, заманауи спорттық құрылғылармен жабдықталған тренажерлық  залдары баскетбол, волейбол, спорттық  гимнастика мен тек студенттер мен оқытушылар үшін ғана  емес,  салауатты өмір салтын ұстайтын осы аудан тұрғындары үшін маңызы зор болып отыр. Заман талабына сай   «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда  2018 оқу жылында  IT -технологиялық  кабинеті  бар  ақпараттық – білім беру орталығы ашылды.  Орталықтың  мақсаты оқытушылар мен студенттерді оқыту ғана емес,  денсаулық сақтау саласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың күнделікті өмірде цифрлық технологияны қолдану.  Жаңа оқу жылында білім беруді модернизациялау үшін  колледж кітапханасында  COWORKING  – аумағы ашылды.  COWORKING  –аумақта  тек жайлы орын мен мобильді кітапхана ғана емес,  тәжірибе алмасу,  ашық әңгіме өткізу,  жеке немесе топтық жұмыстар жасауға болады. Мұнда  оқу міндеттерін, тапсырмаларды шешуге шешу үшін   студенттермен    оқытушылардың  бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасалған.  Бұл орталықты  білім сапасын арттыратын ресурстардың  бірі деуге болады.

Облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының басшысының орынбасары А.Н.Хорошаш  жиналғандарды кешеннің ашылуымен құттықтады. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев бұқаралық спорт пен денешынықтыру  халық үшін қолжетімді болуы керек деп атап көрсеткен болатын. Осы кешеннің бүгінгі ашылуы ҚР Президентінің 100 сауықтыру спорт кешенінің құрылысын салу тапсырмасының орындалуы деп есептеймін.  А.Н.Хорошаш  колледж жастарының спорттық жетістіктерге жетіп, өздерінің салауатты өмір салтын ұстауға талпынысын білдіретініне сенетіндігін айтты. Колледж директоры А.Н.Нұрбеков  жиналғандарға  кешеннің

тек колледж үшін емес,  қала халқы үшін де маңызды екендігіне тоқталды. «Бүгін көп жағдай жастарға байланысты. Қазақстанның ертеңі қалай болады? Оны шешетін сендер, жастарсыңдар. Осы кешеннің ашылуы сендердің өздеріңді табысты дамытуларыңа жол ашады. Бұл кешен студенттер үшін лайықты сыйлық деп есептеймін».

Облыстық  денсаулық  сақтау  басшының орынбасары А.Н.Хорошаш  лентаны кескеннен кейін кешен ішіне саяхат жасалады. Кеш қонақтары  мен шақырылғандар   заманауи спорттық құрылғылармен жабдықталған тренажерлық  зал, ақпараттық – білім беру орталығы жұмысымен танысты.

 

Фото отчет »