Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Поэзиялық кеш «Жер бетіне шуақ болып шашылсам...»

17.11.2017 жылы Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің кітапханасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде «Жер бетіне шуақ болып шашылсам...» атты поэзиялық кеш өткізілді. Шараны кітапханашылар А.Ж. Кусаинова, А.С.Керимова және оқытушы С.А.Косшигуловамен құрастырылған «Қамар сұлу» буктрейлері ашты.


Кітапхана қонақтары - колледждің студенттері мен оқытушылары.

Кеш жүргізушілері 3-3 тобының студенті Екатерина Мищенко мен 3-4 тобының студенті Ерин Илья қатысушыларға «Бір ел – бір кітап» жылсайынғы республикалық акцияның мақсаттары мен міндеттерін таныстырды және 2017 жылғы кітап – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиясы туралы айтып берді.

Құрметті қонақтар - Қарағанды облысының Жайық Бектуров атындағы жастар кітапханасының байланыс бөлімі мен массалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Шмойлова Надежда Федоровна мен кітапханашы Нурмаганбетова Алия Мешітбаевна қазақ ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Шмойлова Н.Ф. «Қамар сұлу» поэмасынан үзінді оқыды.

Кеште колледж студенттері өлеңдер мен поэмалардан үзінділер оқыды - 3-4 тобының студенті Харисова Алина « Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанам», 3-4 тобының студенті Печелюнайте Настя «Я бы солнцем взошел над землей», 2-7 тобының студенті Хавсил Жібек «Сүйемін туған тілді – анам тілін», 3-3 тобының студенті Торопова Дарья «Теплый вечер» және «Бүгінде жастарға оқу міндет».

Поэзиялық кеш А.М.Нурмаганмбетованың Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптарымен таныстыру көрмесін тамашалаумен аяқталды.