Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы денсаулық сақтау саласыбойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

 

2022 жылдың 25 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды облыстық жоғары  мейіргерліқ колледжі» КМК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы денсаулық сақтау саласының «Зертханалық диагностика» құзыреті бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді. 

Конкурстың мақсаты педагогтердің денсаулық сақтау саласы бойынша шығармашылық жетістіктерін анықтау, ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогтерін қолдау болып табылады.

Байқау «Зертханалық диагностика» құзырет бойынша екі кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 4 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын – Копобаев Асахат Саркитович, «Қарағанды облыстық жоғары  мейіргерліқ колледжі» КМК оқытушысы.

2 орын –Ергалиева Светлана Садвокасовна,Муругова  Анна Владимировна, «Қарағанды облыстық жоғары  мейіргерліқ колледжі» КМК оқытушысы.

3 орын  – Турмагамбетова Асель Бахытжановна, «Қарағанды облыстық жоғары  мейіргерліқ колледжі» КМК оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.

Өңірлік кезеңде 1 орын алған қатысушы денсаулық саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.