Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

XVI Абай оқулары байқауы өтті

28.09.2022ж   Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында  «Абай  Ұлы даланың  дара данышпаны»  атты облыстық   XVI  Абай оқулары байқауы өтті. Байқау Қарағанды облысының 15-25 жас аралығындағы жастар қатысты.

Байқау  үш номинация бойынша ұйымдастырылды:

1.«Өлең сөздің патшасы»-ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

2.«Абай әндері»- ақынның әндерін орындау.

3.«Адамзаттың Абайы»- эссе жазу.

Байқаудың мақсаты:қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау; Талантты шығармашыл жастарды анықтау және қолдау болды.

Бұл байқауға біздің колледжден  1Ф4 тобының студенті Грудинина Ксения «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша  қатысып, алғыс хатқа ие боды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.Қатысқан өнерпаздарға алғыс хат берілді.