Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»

30.11.2018 ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласының аясында «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде» дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл отырысты «Әлеуметтік-экономикалық ЦӘК» тарих пәнінің оқытушысы: Сулейменова Ж.Т. ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің «қонағы» болып, «Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының» директоры: Аршабеков Темірғали Тлеубекович келді.

Аршабеков Т.Т. мақаладағы «Архив-2025» жобасына нақтырақ тоқталып, оның болашақта жүзеге асырылуы туралы айтып өтті.

Шараға колледж әкімшілігі мен оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде негізінен аталған мақалада көрсетілген жобалар туралы сөз қозғалып, болашақта колледжімізде жүзеге асырылар іс-шаралар туралы айтылды.