«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде» жыл сайынғы дәстүр бойынша биылғы жылы 24.10.2018 ж. күні сағ. 1200 «Студент-2018» мерейтойы болып өтті. Аталған мерекеге барлық биыл түскен 1 курс студенттері қатысып, Гиппократ антын қабылдады.
Жалпы мереке колледждің акт залында өтті. Залдың іші ерекше көңіл күйге толып, көңілді әндер шырқалды. Алғысөзді құттықтау үшін колледж директоры А.Н.Нұрбеков бастап жас студенттерге сәт сапар тілеп, болашақтарының жарқын болуына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, ерекше атап өтетін мәселе, колледждің барлық ата-аналар комитетінің атынан 1-3 тобының ата-аналары арнайы құттықтау үшін келіп, өз өнерлерімен бөлісті.
Одан кейінгі ең маңызды сәт әрине ант қыбалдау сәті еді. Антты қабылдату үшін ортаға колледж белсенділері мен оқу озаттары шықты.
Сонымен қатар, «Білім кілтін» табыстау сәті болды. Оны М.С.Рахымбеков атындағы арнайы шәкірт ақы иегері болған 4-6 тобының студенті Сәрсембай Ақмарал табыстады. Ал кілтті барлық 1 курс студенттерінің атынан 1А2 тобының студенті биылғы жылы ең жоғарғы баллға ие болған Густомясова Юлияға бұйырды.
Жалпы алғанда мерекелік шара өте жоғарғы деңгейде өтіп, студенттердің мәңгі есінде қалатындай болды деуге болады.
Фото отчет »