Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Ұрпақтар сабақтастығы

Күз мезгілінің күнтізбесінде адамның жүрегін жылы лебізге толтырып,  аға ұрпақ өкілдеріне ықылас білдіретін ерекше күн бар.

Сол күні Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінде ардагерлер, 30 жылдан астам еңбек еткен оқытушылар бас қосып, еңбек жолдарын еске ала отырып, колледждің бүгіні жайлы ойларымен бөлісті.  Колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы  ардагерлерді жаңадан ашылған денешынықтыру – сауықтыру кешені, ақпараттық – оқыту орталығы, коворкинг – аумағы электронды кітапхана жұмысымен таныстырды. 

Жастар бастамасын іске асыруда үлкендердің ақыл – кеңесі, өмірлік тәжірибесі біздер үшін өте маңызды, сондықтан олардың еңбектеріне зор құрметпен қараймыз. Жастар өз тәлімгерлерінен үйрене отырып, оларға арқа сүйейді, себебі олар екі  ұрпақты жалғастырушылар.

Ардагерлер колледж директоры Аманжол Нұрбекұлы Нұрбековке,  колледждің педагогикалық ұжымына  кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Олар өз сөзінде колледждің жаңалық-тары үшін қуанып отыратындықтарын жеткізді. Колледждің жеткен жетістіктері оның  жетекшісінің арқасында деген ризашылық сезімдерін білдірді.

Біздер, ардагерлеріміздің колледжге келіп, өздерін жас әрі керек екендіктерін сезгеніне қуаныштымыз!

Сіздерге зор денсаулық, бақытты да ұзақ ғұмыр тілейміз!!

Біз сіздермен мақтанамыз!!! 

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Кусаинова

 

Фото »