Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Ұстаз ұрпақ мақтанышы

Ұстаздардың мамандықтары елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жанына гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаз. Ұстаз-таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Осыған орай колледж студенттері мерекелік іс шара өткізді. Мерекені конфереция залында тамашаладық.

Жыл сайын қыркүйек айының 29 шы жұлдызында әлемнің 100 ден астам елдерінде 1994 жылдан бері Дүниежүзілік мұғалімдер күні өткізіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Әр студентке ерекше ілтипатпен назар аударып, мақсатқа қарай жетелеп, тұлға қалыптастыру, нарық заманында білім беруді ұйымдастыра білу, қабілетті арттыру, бір мамандықпен шектеліп қалмай, бірнеше саладан хабардар болу.

«Ұстаз ұрпақ мақтанышы» тақырыбында іс-шара түзіліп, жүзеге асырылды. Тақырыпқа сай әр группа бір егде адамға қамқорлық жасайды атпен қарт кісілердің үй жағдайларына жәрдем беру қолға алынды. Құттықтау сөздер мен өлең жырлар ұстаздар күніне арналып айтылды.