Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі оқытушыларының Республикалық конкурстағы ЖЕҢІСІ!

Таяу арада «Медициналық колледж студенттеріне арналған Мейіргерлік іс негіздері және клиникалық оқу пәндеріндегі мейіргерлік іс үздік оқу-әдістемелік әдебиетінің» республикалық конкурсының қортындысы белгілі болды. Конкурсқа біздің еліміздің колледждері қатысты. Ола - Астана, Түркістан, Атырау, Екібастұз, Жамбыл, Қостанай колледждері. Конкурс ҚР мейіргерлік іс 2019 жылға дейін Кешенді жоспарының шеңберінде өткізілді. Мейіргерлік білім беру жүйесі үшін оның мағынасы өте зор. Бұл конкурс, колледждердің өзара тәжірибемен алмасуына мүмкіндік бере отыра, көптеген мәселелерді шешуі керек. Ұйымдастырушылар біздің колледждің үш оқу құралын атап өтті. Өзіміз үлкен құрмет тұтатын, еңбек ардагері Байболина Айман Толеуовнаның «Мейіргер ісі негіздері» оқу құралы 1-ші дәрежелі дипломммен марапатталды. Оқытушылар А. Кнашина мен А. А. Блялованың «Педиатриядағы мейіргер ісі» 2-ші дәрежделі дипломмен марапатталды. Т. С. Кемельбаеваның «Жұқпалы аурулардағы мейіргерлік іс» оқу құралына сертификат табысталды.

Біз жеңімпаздарды құттықтай отыра, оларға табыс тілейміз! Бұл біздің соңғы жеңісіміз емес!!!