9-15 наурыз аралығында «Гигиена және эпидемиология», «Фармация», «Зертханалық диагностика» мамандықтарының дәстүрлі таныстыру рәсімі өткізілді. Апталық барысында «Гигиена және эпидемиология», «Фармация» мамандықтарының «2017 жылдың үздік түлегі» сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты - студенттердің оқу барысында алған тәжірибелік ептіліктері мен машықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. «2017 жылдың үздік фармацевті» сайысының жеңімпазы 3-фарм 2 тобының студенті Мустапинова Анастасия болды. «Үздік гигиенист». сайысының жеңімпазы болып 3-ГЭ тобының студенті Толеубай Диана атанды.




1 –фарм тобының студенттері топ жетекшісі Л.В.Соловьевамен «Фармацияның тарихы» атты зияткерлік ойынын өткізді. Ойын барысында көрермендерге Ежелгі Греция, Египет, Ежелгі Шығыс, орта ғасырлар, 19 ғасыр фармациясы туралы әңгімеленді. 1-ГЭ тобының студенттері (жетекшісі Копобаев А.С.) «Пән аралық 21 ғасыр» әдеби викторинасын өткізді.





Сондай-ақ апталық барысында оқытушылар мен студенттерге дәрістер өткізілді. Қонақ болғандар: медицина ғылымдарының докторы, профессор Сраубаев Е.Н. және НR-менеджері ЖШС «Аманат» Герман Е.Н.