Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Жастар – тәуелсіздік тірегі!

2017 жылдың 14 күні сағ. 1200 де «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде» ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Жастар – тәуелсіздік тірегі!» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кешті өткізуге жауапты болған колледж оқытушылары:

- Сагимбекова Г.Р
- Сулейменова Ж.Т.
- Тулеуова Д.К.
- Жамкеева А.Т.
- Насирова Н.Я
- Беспаева Ш. А.

Мерекелік шараның мақсаты:

- Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
- Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру.
- Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

Қатысқан топтар барлық 1,2 курс студенттері болды.

Мерекенің өту барысы «Қазақстанның Тәуелсіздікке» жету жолынан бастап барлық тарих парақшалары көрсетілді. Сонымен қатар, колледж жетістіктері де айтылып өтілді. Мерекеде колледждің «Балауса» оркестры, «КВН», степ тобы, 1 курстың топтарынан жасақталған флешмоб ұйымдастырылып, өз өнерлерімен залда отырған көрермендердің көңілдерін көтеріп, қошеметтеріне бөленді.

Қорыта келгенде, колледж іщілік мереке өз мақсатына жетіп соңында колледж директоры Н.А.Нұрбекұлы өз ризашылығын білдіріп, өте жоғары деңгейде өткендігін айтты. Расыменде барлық көрермендердің пікірлеріне де сүйенетін болсақ, мерекелік шара өте қызықты өткендіктерін жеткізді.