Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Жаса, Наурыз, Дәстүрлі!

Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Болашақ ұрпақ бойына ұлттық мереке Наурыздың мағынасын, қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараны ұйымдастырушы Жалпы гуманитарлық пәндер оқытушылары циклдық-әдістемелік комиссия оқытушыларының арасында ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлер, ән-күйден жарыстар ұйымдастырды.

Шашу шашылып, Наурыз көже таратылды. Кеш соңында жеңімпаздар Мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!