Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Циклдық әдістемелік комиссиясы

Циклдік  әдістемелік комиссиялар

Ұжымның әдістемелік қызметінің басты құрылымының бөлімдері 8 циклдік комиссия болып табылады. Колледждің оқу-әдістемелік кеңесі циклдік әдістемелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және жүйелі түрде ретке келтіреді.

Циклдік әдістемелік комиссия жұмысының негізгі бағыттары
1.Оқу пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; оқу пәндерінің жеке тақырыптары мен бөлімдерін зерделеу, тәжірибелік жұмыстар орындау, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірлеу.
2.Оқыту технологиясын қамтамасыз ету, оқыту құралдары мен әдістерін таңдау, жаңашыл педагогикалық технологияларды енгізу.
3. Оқытушылардың әдістемелік және кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, олардың кәсіптік білімін толықтыру, жас оқытушыларға көмек көрсету, ЦӘК құрамына кіретін оқытушыларға аттестаттау барысында ұсыныстар енгізу.
4.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беру және тәрбиелеу құралдары мен әдістерін енгізу, ашық сабақтар өткізу.
5. Студенттердің ғылыми, шығармашылық жұмыстарына басшылық жасау.
6. Пән кабинеттерінің жұмыс мазмұнына бірыңғай талап жасау, оқытушылардың жұмыс жоспарларын, ашық сабақтардың жоспарларын, циклдік әдістемелік комиссияның құзыретіне жататын басқа да материалдарды қарастыру және талдау.

Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы

 

Mейіргерлік технологиялар және ішкі аурулар циклдық әдістемелік комиссиясы

 

Хирургия  және  кіші мамандықтар циклдық әдістемелік комиссиясы

 

Балалар аурулары және акушерияциклдық әдістемелік комиссиясы

 

Жалпы білім беретін пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы

 

Гуманитарлық пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы

 

 

Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы

 

Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы

Әр циклдік  әдістемелік  комиссияның колледждің негізгі әдістемелік проблемаларының  тақырыптарына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес  жасалған    өз жұмыс жоспары бар. Оқытудың заманауи  әдістері мен технологияларын  пайдалан отыра, оқытушылар  басты назарды жас маманның тұлғалық – кәсіптік қалыптасуына аударады,  өзін-өзі таныту және шығармашылық жағдайын құрады, қарым-қатынас мәдениетіне,  әлеуметтік-кәсіби жауапкершілікке  тәрбиелейдіі.