Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Білім беруді,  Жастар саясатын және Денсаулық сақтауды дамыту жолдарын анықтайтын ҚР негізгі тұжырымдамалық құжаттарын іске асыру:

  • ҚР-ның «Білім туралы» Заңы,
  • ҚР-ның  2016 -2020 жылдарға  арналған  «Денсаулық» даму жоспары,
  • Қазақстанның әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 Қаулысы)
  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан-2050 "Стратегиясы : Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"," Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
  • Жол карталары: Медициналық білім беруді жаңғырту. ҚР мейірбикелік білім беру жүйесін жаңғырту
  • "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы "Қазақстан Республикасының Кодексі
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар- намыс Кодексі туралы
  • "Қазақстан 2020 : болашаққа жол" ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы

 

Міндеттері:

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды енгізу, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру есебінен оқыту сапасын арттыру.
  • Нарықтық жағдайларда бәсекеге қабілетті жаңа формация мамандарын даярлау жөніндегі жұмысты жалғастыру. Үздіксіз кәсіптік білім беру құрылымын дамыту
  • Ішкі ақпараттық-білім беру порталын іске асыру арқылы тұрақты білім беру процесін жетілдіру негізінде мониторинг жүргізу
  • Педагогикалық шеберлікті және ғылыми зерттеулерді дамыту, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысатын студенттердің санын арттыру
  • "Үштілді білім беруді енгізу"жобасын іске асыру шеңберінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға жоспарлы көшуді енгізу.
  • Колледждің, материалдық-техникалық базаның, симуляциялық орталықтардың келешекте дамуын жоспарлау
  • Теориялық және тәжірибелік оқытуды интеграциялауда  модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану
  • Колледждің ұйымдастырушылық қызметіне және білім беру процесіне оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын (оның ішінде қашықтықтан оқытуда) кеңейту және енгізу
  • Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске асыру шеңберінде тәлімгерлік жүйесін енгізу 
  • Колледждің "Өрлеу" БАИ, ОӘО, ҚММУ-мен және Қарағанды қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебімен" ынтымақтастық байланысын жалғастыру
  • Үш жақты байланысты жетілдіру: тьютер-ментор-студент
  • Колледждер арасындағы республикалық рейтингтерге және білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге қатысу;
  • Коворкинг аймағында студенттер мен оқытушыларға жеке және ұжымдық шығармашылық үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету: қарым-қатынас, тәжірибе, идеялар алмасу, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу
  • Ақпараттық-білім беру орталығында білім беру үрдісінде  заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану.
  • Әлеуметтік әріптестік жүйесін кеңейту және нәтижесі ретінде – үш жақты шарттар (тапсырыс) оқытудың дуальді жүйесі
  • Маманның қалыптасу негізі ретінде өндірістік оқыту және тәжірибе өткізу, жұмыс берушілермен, қаланың, облыстың медициналық ұйымдарымен тұрақты байланысты қолдау, оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізу
  • Оқу-әдістемелік базаны жаңғырту (силлабустар құру, білім беру электрондық басылымдарын (ОЭИ): электрондық құралдарды, дәрістердің электрондық курстарын, электрондық оқулықтарды әзірлеу
  • "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасын қолдау
  • Мамандарды даярлау кезінде ең жоғары нәтижеге жету үшін бірлескен оқыту әдісін (коучинг) қолдану
  •  Өз бетінше білім алу, біліктілікті арттыру арқылы оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру және қалалық және облыстық іс-шараларға қатысу;
  •  Салауатты өмір салтын насихаттау, сабақта, сабақтан тыс іс-шаралар, спорт секцияларында қызығушылықтары бойынша клубтар арқылы моральдық-ерік, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.
  • Жастар комитетінің жұмысына қатысу арқылы студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту