Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Жастардың «Жігер» алқалы кеңесі

Қарағанды қаласының медицина колледжінің жастардың «Жігер»алқалы  кеңесінің

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1. 2016 жылдың 10 наурызының  Ережесіне  сәйкес құрылған  және әрекет етуші,  келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде  жасалған, Қарағанды қ. медицина колледжінің  «Жігер»ЖАК  ерікті студенттік қозғалысы болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы ( 30 тамыз 1995 жылғы республикалық референдумда қабылданған )  (02.02.2011 ж. жағдайына толықтыруларымен  және өзгерістерімен);
  • 8 тамыз 2002 жылғы  №345-ІІ  «Бала құқығы туралы»  Заң;  
  •  9 ақпан  2015 жылғы  №285-V  ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң; 
  • 27 ақпан 2013 жылғы № 191  2020 жылға дейінгі  мемелекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы «Қазақстан 2020 – болашаққа жол»
  • 27 шілде 2007 жылғы № 319-ІІІ  «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заң (04.12.2015 ж. жағдайына толықтыруларымен және өзгерістерімен);
  • 14.12.2012 ж. ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың  «Стратегиялар  «Қазақстан – 2050» Жолдауы; 
  • ҚР 2011-2015 жж. арналған білімді дамыту мемлекеттік  бағдарламасы;
  • ҚР БҒМ  22.04.2015 ж.  №227 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 30.11.2015 ж.  «Ғаламды дәуірдегі  жаңа Қазақстан: өсуі, реформалар, дамуы»  Жолдауы

1.2. «Жігердің» бірыңғай рәміздері бар  (1- Қосымша ).

1.3. Жастардың бастамасын  қолдаумен, дамытуға бағытталған,    «Жігердің»   түрлі ұйымдарымен  ынтымақтаста қол қойылған меморандумдар негіздерінде жүзеге асырылады.

2.Мақсаты : ҚқМК-де  «Жігер»  ЖАК құру арқылы  бірыңғай идеологиялық кеңістігін құру.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының  жастар саясатын  жүзеге асыру, озат жастардың күштерімен  тұрақтылығын  бекемдеу;
  • Мемлекеттің әлеуметтік белсенді азаматтары ретінде  студенттердің  жан-жақты  дамуы үшін  жағдай жасау  және қолдау;
  • Жастардың құқығы мен қызығушылықтарын қорғау;
  • Студенттер  проблемаларын  бірігіп зерделеу және шешу;
  • Республикалық және халықаралық   жастар ұйымдарымен  және қозғалықтарымен  серіктестік орнату .

3. Қозғалыстың негізгі  қағидалары 

3.1.  ҚқМК әр студенті  жастар қозғалысының қатысушысы бола алады;

3.2. Қозғалыстың барлық мүшелерінің теңдігі жасына,  діни сеніміне,   физикалық ерекшеліктеріне,  әлеуметтік және материалдық жағдайларына  байланысты емес.

3.3. Құрамы мен  алқа-кеңес органдарының басшыларын   таңдау еркіндігі: Жастардың  алқалы  кеңесі. 

4. Жұмыс бағыты

4.1.«Жігер»  ЖАК өзінің ұйымдастырушылық  құрылымының негізгі бағыттары: 

1. Жас кәсіпкер клубы 

2. Еріктілер клубы

3. Көңілділер және тапқырлар клубы

4. Зияткерлер клубы

5. Блогерлер клубы

6. Заманауи  би клубы  

 

4.2. Әр бағыт бойынша  колледж директорымен жұмысты реттейтін  Ереже жасалып, бекітіледі. 

5.  «Жігер» ұйымдастырушылық құрылымы

5.1. Колледж жастарының кеңесін  төраға басқарады.

5.2. ЖАК құрамы  4.1.б.сәйкес «Жігер» жұмысының бағыттарына жауап беретін  колледж студенттерінен құрылады.

5.3.Жастардың  облыстық және аймақтық кеңесінің құрамы  РАК мен ЖАК  төрағаларынан  құрастырылады.

5.4. ЖАК-ті  үйлестіруші  жетекшілік етеді. 

6. Атқарымдары

6.1. Жастардың бастамасын  қолдаумен, дамытуға бағытталған   «Жігердің»   түрлі ұйымдармен  ынтымақтаста   қол қойылған меморандумдар негіздерінде жүзеге асырылады.

6.2. Жұмыс жоспарын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету.

6.3. Студенттердің  қызығушылықтарына сәйкес,   түрлі шараларды енгізу ұсыныстарын жасау.

6.4. Оларды түрлі шараларға  шақыру және  студенттердің демалыс уақыттарын  ұйымдастыру жұмыстарына  тарту.

6.5. Кездесулер,  соғыс және еңбек ардагерлерін  құрметтеу, кәсіпкерлермен,  саясаткерлермен,  мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар,  тақырыптық және шығармашылық кештері, конкурстар  және т.б. шараларды  ұйымдастыру.

6.6. Аудандық, қалалық,  республикалық   семинарларға, конференцияларға, конкурстарға және т.б. шараларға  қатысу.

6.7. ОЖК  үйлестірушісіне  есеп беру құжаттамаларын уақытылы  ұсыну.

7.Сайлау

7.1. Колледжде жастар қозғалысының жұмысы  жүргізу үшін, Қарағанды қ. медицина колледжінің  «Жігер» ЖАК-нің  сайлау және төраға  мәртебесінің Ережесін  басшылыққа ала отырып,  ЖАК    құрамынан  төраға сайланады.

8. Координаторлар

8.1. ОЖК координаторы  Қарағанды облысының  білім беру ісін дамыту Оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

8.2. ЖАК координаторы Қарағанды облысының  білім беру ісін  дамыту Оқу-әдістемелік орталығының бұйрығымен тағайындалады. 

8.3.   Осы ережеге сәйкес,    координатор  колледж директорының бұйрығымен   колледж оқытушысынан  тағайындалады.

8.4. Колледж  координаторы ЖАК құрамына кіреді.

9. Тараптар жауапкершілігі:

9.1. «Жігер» мүшелерінің жауапкершілігі:

«Жігер» ЖАК мүшелерінің жауапкершілігі:

  • Бекітілген Ережені сақтауға.
  • Қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға.
  • Еңбек тәртібін сақтауға, өндірістік мақсаттарда  сақтау мен пайдалануға арналған  мүліктердің дұрыс  сақталуына;
  • Осы Ережемен  қарастырылған  ҚР заңдылықтары мен нормаларын сақтауға.

9.2.Колледж   әкімшілігінің жауапкершілігі

9.2.1. Колледж әкімшілігі «Жігер»  жұмысын ұйымдастыруға көмектеседі:  материалдық-техникалық базасымен  жеке кабинет; қабырға газеттері мен интернет жүйелерін ұсынады.

9.2.2. Колледж әкімшілігі   «Жігер»  жоспарына сәйкес,  тоқсанына бір рет   колледж директорымен  кездесу  өткізеді.

9.3. Координаторлардың жауапкершілігі

Координатор  колледж директоры алдындағы  өкілеттілігі шеңберінде  «Жігерге»  жүктелген міндеттердің орындалуына  жауапты.

10.«Жігер» ЖАК отырысы

10.1.  Координаторлар мен орынбасарлардың  ресми кезедсуі  айына 1 рет, айдың соңғы сенбісі. 

10.2.Қажеттілік бойынша  ресми емес кезедесулер.

10. Ұйым жұмысының  тоқтатылуы

«Жігер» ЖАК жұмысының тоқтатылуы  көпшілік дауыспен қабылданған    (75%  мүшесі )жиналыстың  қайта құру немесе   тарату   шешімі бойынша  жасалады.