Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Кітапхана туралы

Қарағанды қаласының медицина колледжінің кітапханасы



Қарағанды қаласының медицина колледжінің кітапханасы өз тарихының бастауын 1935 жылы ашылған Қарағандыда медбикелер мектебінен алады. Бастапқы кітапхана қоры мектеп пен аурухана қызметкерлерінің жеке кітапханасың әдебиеттері негізінен құрылған.
Кітапхананың бірінші меңгерушілерінің бірі Ямпольская Зинаида Михайловна , Феттер Ада Францевна, Леккер Бася Львовна. Роар жалпы кітап қорын құрған. Оқу мекемесінің даму жылдары ішінде оның бірнеше рет атаулары өзгеріп, жаңа мамандықтар саны қосылып, медбикелерді дайындаудағы басымдылығы артты. Олармен бірге кітап қорын жинақтау тықырыбы кеңейтіліп, өзгеріп отырды. Кітапхананың қызметкерлері қордың кітапханалық-библиографиялық каталогын құрып, оқырман залы мен медицина колледжінің абонементін ашу жұмыстары бойынша үлкен жұмыс жасады. Мұнда 30 жылдан артық жұмыс жасаған кітапхана меңгерушісі Ильясова Шолпан Ильясовна мен кітапханашы Бреслова Лизавета Яковлевна үлкен үлес қосты.

 



Ұжымның  жас ұрпақты тәрбиелеудегі өз дәстүрлері бар. Жұмыстың іргетасы мен  стилін салып,  кітапханашылардың  келесі ұрпақтарына жеткізген   еңбек ардагерлері туралы естеліктер  сақталуда.

Бүгінде  колледж  кітапханасы – бұл интеллектуалды-ақпараттық орталық,  оның негізгі мақсаты  білім беру жүйесін  заманауи деңгейде ақпараттық қамтамасыз ету.  Кітапхана кітап қорын сақтайтын, әрі   барлық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында,   жаңа мүмкіншіліктер бойынша жұмыс жасайтын,   жалпы колледж өмірінің  ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Соңғы жылдардың  маңызды тәжірибелік нәтижелері  -  кітапхананың  ақпараттануы,  оның  жүйе ретінде жаңартылуы,  заманауи біріккен ақпараттық  инфрақұрылымның   құрылуы.    

 



Кітапхана үнемі  студенттерге  түрлі ақпараттармен, оның ішінде электрондық ресурстармен   өз беттерімен жұмыс жасауға  қолайлы жағдай туғызу.

Кітапхананың электрондық оқырман залы локалдық базаға біріккен   INTERNET жүйесіне қосылған   заманауи компьютерлермен  жабдықталған.

Кітапханадағы  қорды тиімді пайдалану үшін кітапханада «ИРБИС»  бағдарламасы  пайдаланылады. Бүгінгі күнде  кітапханада,  кітапхананың библиографиялық сипаттамасы енгізілген электронды каталог  қызмет атқаруда. Оқырмандарға,  заманауи оқу әдебиетінің 200-ден астам атаулары   мен  «ГЭОТАР-МЕДИА»  баспа тобының бейнематериалдары  енгізілген  «Студент  кеңесшісі.  Медицина колледжінің  электрондық кітапханасы»    электронды-кітапханалық жүйеге  қол жеткізу мүмкіндігі  ұсынылған.

 



Кітапхана қызметкерлерімен  электрондық залда  колледж оқытушыларының  мәтіндік тұсаукесерлері,  үйретуші  бейне-және аудио материалдары, оқу пәндері бойынша  ұсынылатын электрондық  оқулықтары   сақталған «Студент  портфелі»  құрылған. 

 



Кітапхана ұжымы педагогикалық үрдістің жетілуін,  кітап қорының сақталуы мен көбейуін,  кітапхананың сыртқы тартымдылығы мен  оқырмандарға  жайла жағдай  жасау  істерін қамтамасыз етеді. 

Кітапхана қоры  әр мамандықтың бейініне сәйкес құрылады. 

 

Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық және көркем  әдебиетінің  кітап қорының жалпы көлемі  электрондық, алфавиттік және  жүйелік каталогтарда  көрсетілген.  Колледж кітапханасы 40-тан астам  газет пен журналдардың   атауларын  жаздырып алады.

Кітапхана ұжымы педагогикалық үрдістің жетілуін,  кітап қорының сақталуы мен көбейуін,  кітапхананың сыртқы тартымдылығы мен  оқырмандарға  жайлы жағдай  жасау  істерін қамтамасыз ете отыра,  студенттерге ақпараттық кеңестіктердегі  бағдарлау  жұмыстарына көмектеседі және  оқырмандардың ақпараттық мәдениетін  қалыптастырады.