Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Колледждің студенттері мен қызметкерлерін психологиялық қолдау

Колледж студенттері мен қызметкерлерін психологиялық қолдау

Педагог-психологтың жұмыс мақсаты: студенттерге бейімделу кезеңі мен оқу барысында психологиялық жайлы жағдай жасау.

Мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер қойылған:
1. Бірінші курс студенттеріне ойдағыдай бейімделу жағдайын туғызу.
2. Бірінші курс студенттеріне ұжымды біріктіру, тұлғаны қалыптастыру тренигтерін өткізу.
3. Оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары бойынша психологиялық кеңес беру.


Педагог-психолог мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында  келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: түзетушілік-дамытушылық, диагностикалық және кеңестік.

Педагог-психологтың диагностикалық әрекеті ептіліктің, білімнің, машықтар мен жеке ерекшеліктердің даму деңгейін зерттеу болып табылады. Берілгендер негізінде білім алушыларды түзету және дамыту жоспарын құрады.

 



Кеңес беру бірнеше кезеңнен тұрады: кеңес алушымен қарым-қатынас орнату, мәселе қою,  диагностика, мәселені бірігіп шешу жұмысы.

Ағартушылық әрекет   оқытушылар мен  студенттерді  психологиялық білімге тарту.

Колледж психологы жыл сайын білім алушыларды колледж жағдайына бейімдеу тренингтерін, түрлі психологиялық сипаттамадағы тақырыптар бойынша сыныптан тыс шаралар өткізеді. Мысалға: «Ой-өрісіңді қалай дамытуға болады», «Үй тапсырмасын қалай орындау керек», «Қарым-қатынас», «Тәртіп этикасы» және т.б.


Оқытушылар психологиялық жеңілдеу сабақтарына қатысады, жеке және топтық жұмыс жүргізіледі.

1. Оқытушылар мен топ жектешілерін психологиялық қолдау:

- Келесі мәселелерді шешудегі жеке және топтық кеңестер:
• студенттер немесе әріптестер арасындағы қарым-қатынастың қиындықтары мен қақтығыстар;
• өздігінен даму сұрақтары мен кәсіптік жетілу;
• студенттердің танымдық ынтасын ояту және оны қолдау;
• әлеуметтік-психологиялық климат ерекшеліктерін, студенттік топтардағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін зерделеу;
• әлеуметтік-психологиялық климат ерекшеліктерін, студенттік топтардың өзара қатынас ерекшеліктерін зерделеу:
• топ жұмысы бойынша студенттердің ұсыныстары мен күтулері;
• студенттерді бейімдеу ісін зерделеу (бірінші курс студенттеріне);
• студенттердің оқуға деген ынтасын зерделеу.

- Психология сағаттары бойынша жетекшілік сағаттарын ұйымдастыру және өткізу.
- Психология сұрақтары бойынша тренигтік сабақтар, дәрістер мен семинарлар өткізу.

Оқытушыларға, студенттерге, колледж қызметкерлеріне:

Келесі мәселелерді шешуге бағытталған жеке кеңестер:
• оқу сипаттамасындағы мәселелер (бейімдеу, әріптестермен, студенттермен қақтығыстар);
• кәсіби әрекет мәселелері;
• проблемалық жағдайлар (қала жағдайына қалыптасу, колледжде оқу қиындықтарын басынан кешкен, бұзақылық жасаған студенттерге кеңес беру);
• қарым-қатынас мәселелері;
• күйзелістер, депрессиялық жағдайлар;
• отбасылық мәселелер (балалар мен ата-аналар арасындағы және жұбайлық қатынастар мәселелері) және т.б.;
• темекіге тәуелділік және т.б.

2. Психологиялық ағартушылық, ата-аналарға арналған кеңестер:
• Отбасылық мәселелер (балалар мен ата-аналар арасындағы және жұбайлық қатынастар мәселелері);
• Балалармен қарым-қатынастағы қиындықтар;
• Оқу пәнінің бұзылуымен байланысты проблемалық жағдайлар және т.б.