Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Педагогқа кеңестер

Псигологтың кеңестері, ойлары

Оқытушының жұмысы эмоционалдық және жүйкелік істермен ұштасады.
Күйзеліс кезінде өзін тек дұрыс ұстап қана қоймай, сонымен қатар барынша оның алдын алған жөн. Өзіңізді дұрыс ұстау үшін, сізге өз өміріңізге қажетті психологтың кейбір кеңестеріне жүгінген жөн. Көңіл-қүйіңізді жақсартып, жоғары жұмыс қабілетіне ие болу үшін, қажетті ЖАҒДАЙЛАР:
1. Егер көңіл-күйіңіз болмай тұрса, әркеттенуге асықпаңыз.
2. Күйзеліс кезінде ағза қорғанысқа дайын, онда белсенді жұмыс атқаратын бұлшык еттер жиырылып тұрады. Оны босатыңыз: бірнеше рет тізерлеп отырыңыз, қолмен, аяқпен қимылдар жасаңыз. Қатты күйзелістен адам әлсіреп кетуі мүмкін. Бұл ретте отырған дұрыс. Жылап алуға да болады. Немесе аутотренингке көрінген жөн.
3. Сәтсіздікті дұрыс қабылдай біліңіз.
4. «Бәрі құрыды» деп ойламаңыз. Бір парақ қағазды екі бағанаға бөліңіз. Бағананың сол жағына барлық жағымсыз жағдайларды жазыңыз. Оң жағына өзіңіз дұрыс деп санаған жағдайларды жазыңыз. Осылай сәтсіздікті апаттан, ал кикілжіңді қайғыдан айыра аласыз.
5. Сәтсіздікке терең мағына беріп, бостан-босқа қинала бермеңіз.
6. Егер түзетілмес жағдай болса, оған тым мән бермеңіз. Одан да жаңа жолдар іздестіріңіз.
7. Сәтсіздікті ұмытуға тырысыңыз. Келеңсіз ойларды есте сақтай беру, өзін-өзі өлтіргенмен тең (нем. философ В.Гумбольдт). Әр болған оқиғаны, жүрекке жақын қабылдай бермеңіз. Жағымсыз ойларды көз алдыңызға келтіре бермеңіз.
8. Еңбектеніңіз! Жалқаулық, көңілсіздік – бұл өміріңізді қысқарту тәсілдері. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса біліңіз.
9. Сүйікті ісіңіз болсын. Қоршаған ортаға назар аудара біліңіз.
10. Болашаққа сеніммен қараңыз. .
11. Әзілдесе біліңіз. Бұл мықты адамдардың қасиеті. "Әзіл – бұл тағдырдан кішкене де болса қорғана білу» (К.Чапек).
12. Тәртіптің пайдасы туралы есте сақтаңыз. Тәртіп тек уақытты ған үнемдеп қоймай, сонымен қатар жүйкеңізді қорғайды. Нақты болыңыз, басқаның да уақытын сыйлай біліңіз.
13. Өз өміріңізге талдау жасай біліңіз. Бір парақ қағаз алып, оған барлық өзіңізді мазалап жүрген ойларды жазыңыз, не нәрсені түзетуге болатынын ойланыңыз.
14. Болған жағымсыз жағдайдан сабақ алыңыз. Қолыңыздан келмейтін іске, тым кіріспеңіз.
15. Негіссіз жанжалдаса бермеңіз. Басқа адамдарға тым жоғары талап қоймаңыз. Есеп айырысуға тырыспаңыз, ұтылып қалуыңыз мүмкін.
16. Өз психологиялық ерекшеліктеріңіз арқылы өміріңізді дұрыстай біліңіз.
17. Егер қиындық туындаса, онда келесі кеңестерге жүгініңіз: флегматиктің күшін ыстық монша қайтарады, холериктің күші спорт алаңында пайда болады және т.б. Күн барысында міндетті түрде бірнеше уақытқа денені босатып отыру керек.
18. Күйзеліс кезінде барынша тыныштық сақтауға тырысыңыз. Жиі күлімсіреп жүрсеңіз, алдын алуға болады.
19. Адамдарға жақсылықты тым көп жасамаңыз, өзіңіз ұтылып қаласыз.
20. Қасыңызда сенімді адамыңыз болса, шер тарқатуға болады.
21. Өте жақын адамыңызбен де араласудың мөлшерін сақтаңыз. Қарым-қатынастың түрлі мөлшері болады, әркімде әр-түрлі.
22. Кешірімді болыңыз. Кешегі күнде не болса да, бүгінгі күнді сәлемдесуден бастаңыз. Әдебиеттерден тағы да басқа кеңестер ала аласыз. Өзіңізге жақынын тауып алып, өзіңізді тексеруге болады.

ӨЗДІГІНЕН РЕТТЕЛУ ҚҰРАЛДАРЫ
ТАБИҒАТПЕН ТІЛДЕСУ.
Адам күйзелістен арылу үшін өсімдіктермен, жауарлармен, теңізбен, таулармен араласа бастайды. Ол өзінің рухани жағдайын оларға ауыстырмақ болады. Оңаша қалып, тіпті өз-өзімізбен тілдесеміз. Бұл тынышталдырады, тазартады, энергетикалық күш береді. Табиғатқа шынайы аралас үшін шығу керек.
ЖАНУАРЛАРМЕН ТІЛДЕСУ.
Жануарлар адамдарға ұқсас келеді: эмоционалды, ауыр қасіретті әрекетпен көрсетеді. Көптеген адамдық қасиеттерге, тіпті жануарлардан үйренуге болады.
ӨЗ ЖАДЫҢМЕН ТІЛДЕСУ.
Өз жадыңмен өткен, болашақ туралы тілдесу. Кеңесші бола алатын немесе қайғыңа ортақ бола алатын адамдармен тілдесу.
КАТАРСИС.
Өнер шығармалары арқылы, эмоционалды толғанысқа түсе отыра, жағымсыз жағдайлардан арылу.
САЛТ-ЖОРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық-энергетикалық деңгейдегі өзіндік реттелу түрлерінің бірі. Салт-жораларды адамдар өздері ойлап,таба алады. Ұйықтар алдында айтылған немесе оянған сәтте айтылған сөздің, мағынасы болады.
Белгілі салт-жоралар: ту көтеру, әнұран орындау, сәлемдесу, қоштасу және т.б. Кейбір жағдайларда олар реттеу функцияларын орындап, психикалық тұрақтылық құра алады.
ІШКІ ТЕКСЕРІС
Адамды күйзеліс жағдайына жеткізетін себептердің тізімін құрыңыз, және, әрқайсына қарсы оны бақылайтын немесе жоятын жағдай қойыңыз.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ
Жүйелі түрде жасалатын физикалық жаттығулар ағзаның сыртқы әсерлерге деген тұрақтылығын артады.
ӨНЕРДІҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРІМЕН ЖАТТЫҒУ
Адам өз-өзімен өнер шығармалары арқылы тілдесе алады, өз әлеміне тереңінен кіре алады.
КҮЛКІ.
Ани Рубинштейннің айтуынша ("Күлкі психосоматикасы ") күлкінің бір минуты гимнастиканың қырық бес минутына тең. Күлкі бас ауруын алады, қан қысымын төмендетеді, дем алыс, ұйқы жүйелерін жақсартады.
ЖАҒЫМДЫ ЭМОЦИЯЛАРҒА ТАРТУ
Жүйке қысымдарын азайту үшін жұмыста және тұрмыста өзіңізге «азғантай қуаныш» сыйлай біліңіз.
БИБЛИОТЕРАПИЯ
Жақсы, терең ойлы кітап сезімге әсер етеді, көңіл-күйдің орнығуына көмектеседі.
ЕҢБЕК ТЕРАПИЯСЫ
Еңбек, әсіресе, қолеңбек ауыр ойдан арылтады, адамның көңілін көтереді.
МУЗЫКА ТЕРАПИЯСЫ
Музыка біздің сезімімізге, көңілімізге әсер етеді. Артық қозғыштардан арылтады, көтеріңкі көңіл пайда болады, тыныс жолдарына әсер етеді, қан айналымына көмектеседі.
ГҮЛ ТЕРАПИЯСЫ
Көптеген зерттеушілердің ойынша, түс адамның эмоционалды-психикалық жағдайына әсер етеді. Әр түс өзінше адмның нерв жүйесіне әсер етеді, түстерді дұрыс пайдалана білген жөн.
БИОРИТМ ЕСЕБІ
Әр адамның өз биоалаңы болады, белгілі бір ретте ол адамның энергетикасын сипаттайды. Адамның жұмыс қабылеті көпшілік жағдайда оның биоалаңының жағдайына байланысты. Украин ғалымы 3. Гречишникова, биоритмді зерделей отыра, адамдарды үш топқа бөлді. Бірінші топтың биоалаңы 13 сағаттан 14 сағатқа дейін әлсірейді. Бұл шығармашылық адамдары: суретшілер, музыканттар, жазушылар және т.б. Екінші топтың адамдары 15 сағаттан 17 сағатқа қарай әлсірейді. Бұл жақсы ұйымдастырушылар. Үшінші топтың биоалаңы 12 сағаттан 16 сағатқа дейін әлсірейді. Бұл іске бейімді адамдар.
Сонымен әр адам өзінің биологиялық сағаты бойынша өмір сүреді. Өз сағатыңды білгенің дұрыс, оны толық түсініп, өміріңді психологиялық реттеуде пайдалануға болады.

«БҰРЫҢҒЫЛАРДЫҢ» КЕҢЕСІ
Өз жұмысыңызға барлығын беруіңіз керек: ақылыңызды, күшіңізді, қабілетіңізді, денсаулығыңызды, жылдарыңызды. Оны рахаттанып еске аласыз. Егер кеудеңіз қыпылдамаса – бұл сіздің жұмысыңыз емес.
Әр ақылды, өз ісіне берілген адам басқа жасай алмайтын, іс ойлап табуы мүмкін. Оның тұлғасы – қайталанбас дүние.
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ АРАЛЫ
- сыртынан ештеңеге сенбейтін, заттар мен құбылыстардың дәмін, түсін тілмен татып, қолмен шұқып көретін аймақ.
Егер дәрігер диагнозды дұрыс қоймаса, бала өледі. Ал егер жетекші, оқытушы қате диагноз қойса – тұлға өледі.
Бала жалғыздықты сезінуі керек. Үнемі оны «шараларға» қуып тығып керегі жоқ. Тек жалғыздық, әрине, бұл трагедия!
Ақылгөй болмаңыз. Сіздің ақылыңыз балаларға әсер етпей, тек құлақтарын жауып алуы мүмкін.
Есте сақта: адам күрделі, тіпті ол он жаста болса да.
Балаға ешқашан айғайлама.
Әділеттілік – оқытушының басты жолы.
Өзіңді бақытты немесе бақытсыз баланың орнына қоя біл.
Оқытушының нерв жүйелері қатты емес, керісінше ашық болуы тиіс.
Және соңғысы ...
Балалармен бірге, жақын, тек кішкене алда бола біл!